АСТАНА. 24 сәуір. Ирак астанасы Бағдадта болған қос жарылыстан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алғашқы жарылыс қаланың солтүстігіндегі бақылау бекеттерінің бірінде болды. Бұл маңайда лаңкестік әрекеттен 9 адам мерт болып, 28 адам зардап шекті. Ал екіншісі шаһардың оңтүстігіндегі әскери көліктердің жанында орын алды. Салдарынан 3 адам опат болып, 11 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды.
Ресми мәліметтер бойынша, жарылғыш заттардың бәрі автокөліктерге орнатылған. Лаңкестік шабуылды қай топтың жасағаны белгісіз. Әзірге бұл істі ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда, болжам бойынша бұл іске де «Ирак пен Левант ұйымының» қатысы болуы мүмкін.
Айта кетейік, аталған топтың жанкештісі 22 сәуір күні қаладағы мешіттердің бірінде өзін өзі жарып жіберген. Террорлық шабуылдан 9 адам көз жұмды. Сондай-ақ, осы әрекетті мешіт сыртында тағы бір экстремист жүзеге асырмақ болған. Бірақ тәртіп сақшылары дер кезінде байқап, алдын алып үлгерді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша Иракта осы жылдың ақпан айынан бері барлығы 670 адам қаза тауып, 1290 бейбіт тұрғын жараланған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.
• 24 Сәуір, 2016
Бағдадта болған қос жарылыстан 12 адам қаза тапты

25 мамырда оқу жылы аяқталады: Емтихандар қай күндері өтетіні белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31