АСТАНА. 25 сәуір. Сирияның Дамаск қаласына таяу маңайда лаңкестердің шабуылынан 5 адам қаза тауып, 20 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Полиция қызметкерлері елдің оңтүстігіндегі Ас-Сейида Зейнаб ауданында жарылғыш зат орнатылған көліктің жарылғанын мәлімдеді. Осыған дейін Al-Wasat ақпарат порталы 8 адамның опат болып, 4 адамның зардап шеккенін хабарлаған.
Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Лаңкестік әрекетті қай топтың жасағаны белгісіз. Әзірге бұл істі ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Алайда, алдын ала болжам бойынша ДАИШ экстремистері болуы мүмкін.
Айта кетейік, осы айдың басында аталған топтың содырлары Дамаск қаласындағы «Бадиа исминт» цемент зауытына баса-көктеп кіріп, 340 қызметкерді тұтқынға алған. Көп ұзамай 100 адамның аман-есен құтылып, қалғандарының қаза тапқаны белгілі болды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: ria.ru.

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31