АҚТӨБЕ. 25 сәуір. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мажарстанның (Венгрия) Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесу барысында екі жақты өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы әңгіме болды. Өңір басшысы әзірге екі арадағы сауда-экономикалық байланыстардың кемшіндігін, облыс пен Мажарстан арасындағы тауар айналымы небәрі 10 миллион долларды ғана құрайтынын атап өтті. Болашаққа жоспарланған ізденісті қадамдар жүзеге асса, бұл бағытта анағұрлым ілгерілеу болатынын жеткізді. Оған Ақтөбеде ашылған Мажарстанның консулдығының ықпалы зор болатынын тілге тиек етті. Аймақ басшысы қазақтар мен мажарлардың арасында ежелден тарихи және мәдени байланыстың қалыптасқанын да жиналғандар жадында жаңғыртты.
Жиын барысында жылыжай құрылысы, ауыз суды тазарту, көкөніс өңдеу өндірісі, сүт және сүт өнімдерін және бидайды қайта өңдеу бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол екені айтылды.
Кездесуде сөз алған Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани екі елдің арасында саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірқатар жобалар қолға алынып жатқанын атап өтті. Соның шынайы көрінісі ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына тікелей инвестиция тартумен шұғылданатын бірлескен қордың құрылуын атап өтті. Аталған қорға «ҚазАгро» ұлттық компаниясы мен Венгрияның «Эксимбанкі» 20 миллион доллардан, жалпы 40 миллион доллар салғанын жеткізді.
Венгрия – облыста өз консулдығын ашқан екінші еуропалық ел. Қаңтар айында біздің өңірге осындай миссиямен чехтар келген болатын. Сондай-ақ Ақтөбеде Түркия және Оңтүстік Корея өз өкілдіктерін ашуды жоспарлап отыр.
«Дастан» қонақ үй кешенінде Венгрияның қаламыздағы өкілдігінің ашылу салтанаты өтті. Венгрияның Қазақстан Республикасындағы құрметті консулы болып KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов тағайындалды.
Шетелдік дипломатиялық өкілдіктің тұсаукесеріне облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев, Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер мемлекеттік хатшысының орынбасары Жолт Чутора және осы елдің Қазақстан Республикасындағы елшісі Андраш Барани қатысты.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz
Фото: aktobegazeti.kz

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31