Ел экрандарында Елбасы туралы фильм көрсетіледі
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі бойынша түсірілім тобының қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті. Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түсірілген.
Кинотуынды әлем тарихындағы ең қиын кезең – Кеңес Одағының құлауы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Фильм 1984-1991 жылдар аралығын қамтиды. Аталмыш көркем фильм ел тарихындағы елеулі оқиғаларға зер салып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоғам өмірінің бар саласында атқарған рөлін, сондай-ақ, Мемлекет басшысының дүниежүзілік ауқымда ынтымақтастықты арттырудағы айрықша қызметін саралайды.
– «Елбасы жолы» кинотуындысының табысты болуының басты себебінің бірі – оның Президент Н.Ә.Назарбаевтың шынайы өмірбаянының негізінде түсірілуі. «Елбасы жолы» туындысы қай кезеңде де өзектілігін жоймақ емес, өйткені, бұл шығармада Нұрсұлтан Әбішұлының жеке үлгісінде алдына қойған мақсаттарына жете білген және шын мәнінде, еңбек адамының азаматтық қызмет жолы көрсетілген», – деп атап өтті министр А. Мұхамедиұлы.
Оның сөзінше, фильм түсіріліміне Қазақстан мен Ресейдің ең мықты кинематографистерінің шығармашылық тобы тартылды. Түсірілім Қазақстан және Ресей аумағында төрт ай бойы жүргізілді.
Фильм режиссеры және сценарийінің авторы – Ресей халық әртісі, Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Сергей Олегович Снежкин. «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмі әлемдік тарихтағы ең күрделі уақыт – Кеңес Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Қазақстанның пайда болуын көрсетеді. Кинотуынды ел тарихындағы ең жарқын оқиғаларға сараптама ұсынып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік құрылымның түрлі салаларын реформалаудағы рөлін баяндайды.
Басты рөлді қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов сомдады. Сондай-ақ, фильмге Алтынай Нөгербек, Алдабек Шалбаев, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанел Мақажанова, Динара Бақтыбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова және басқалар түсті. Басқа да кейіпкерлердің бейнесін Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, Алексей Гуськов, Хью Фрейзер, Ричард Кордери, Стивен Пейси сияқты ресейлік және шетелдік актерлер сомдады.
«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі 2016 жылдың 28 сәуірінен бастап жалпыұлттық прокатқа шығады, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін болады.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30