Жуырда Астанадағы «Қазақстан» концерт залында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылғанына 2 жыл толуына орай тамаша кеш болып өтті.
Концертті Президенттік оркестр ән және эстрада ансамблінің бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен А.Есмұханның «Отаным» атты танымал әнімен ашты. Қашанда өз тыңдармандарын қайталанбас репертуарымен таңғалдырып келген ҚР МКҚ шығармашылық ұжымы бұл жолы да Президенттік оркестр музыканттарының авторлығындағы тың туындыларымен қуантты. Концертте тұсауы кесілген «Ақберен» күйін де халық ерекше ықыласпен қабылдады. Композиция авторы Президенттік оркестр халықтық музыка ансамблінің домбырашысы, композитор Бақытжан Дүйсенғазиев.
Оған «Ұлы дала» күйін қосыңыз. Аталған шығарма авторы – Президенттік оркестр халықтық музыка ансамблінің жетекші солисі, домбырашы Жандос Мұхтаров. Бұл күй өткен жылы Мемлекет басшысының идеясын қолдау мақсатында туындаған болатын. «Ұлы Дала» атауы мен сарыны қазақ даласының шексіздігін, біздің атамекеннің өткені мен бүгінгісін, болашағын көрсетеді. Осы күйдің сүйемелдеуімен Президенттік оркестрдің би ансамблі алғаш рет Талантбек Шоруков пен Мәдина Әлиева-Шорукова жаңа қойылымын орындады. Кеш барысында құрама оркестрдің сүйемелдеуімен Президенттік оркестрдің солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ардақ Балажанова, Досымжан Таңатаров, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Нұрболат Құсайынов, Қайбар Аллажар, Әсел Мәдекешова, Бибігүл Сауытова, Айман Уданова, Әлібек Ізбасаров, Гүлсаным Жұмағалиеваның және басқалардың орындауында отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары шырқалды.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30