Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24060 материал табылды

Қоғам • 15 Сәуір, 2025

Мәслихат институты қозғаушы күшке айналуы керек

Астанада өткен Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы консультативтік-кеңесші органның Парламент пен мәслихаттардың бірлескен жұмысының маңызды әрі тиімді тетігіне айналғанын тағы да айқындады. Осы отырыстың «Агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» туралы секция­сында бірқатар өзекті мәселе қамтылды.

Елорда • 15 Сәуір, 2025

LRT-ны сынақтан өткізу үшін іске қосады

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының халықты жылумен қамтамасыз ету және LRT жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Тұлға • 15 Сәуір, 2025

Шопан Шоман туралы айтсақ...

Кешегі кеңес өкіметі кезінде аса ардақталған азаматтың бірі – Социалистік Еңбек Ері Шоман Шәріпбаев. Иә, онда еңбек адамына көрсетілетін құрмет-сый ерекше еді ғой. Соңғы кездері тәуелсіз елімізде де еңбекке, осыдан береке тауып отырған кәсіп иелеріне деген көзқарастың барынша жақсарғаны, оған қоса жұмысшы мамандықтарының айтарлықтай дәріптеліп жатқаны қуантады.

Театр • 15 Сәуір, 2025

Теңіздей тақсіретті сахнаға сыйдырған

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының құрыл­ғанына 25 жыл толып отыр. Халық өнері мен музыкасын насихат­тау­ға, дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың есімін иелен­ген қазақ театры – еліміздегі клас­си­ка­лық, тарихи, аударма және за­ма­­науи шығармаларды сахналауда терең ізденістерге барып жүрген ұжым­дар­дың бірі.

Тағзым • 12 Сәуір, 2025

Міржақыптану мұраты

Ғылым күні аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алаштануға қатысты елеулі іс-шара өтті. Филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасы мен мәдени-танымдық «Alqa» жастар ұйымы көрнекті Алаш қайраткері, ағартушы, ақын, жазушы, көсемсөзші Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ғылыми семинар өткізді. Мақсаты – ұлт тұлғасының ғұмырбаяны мен шығармашылығын білім алушылар арасында кеңінен дәріптеу және бүгінгі жастар жобаларын Алаш мұратымен толықтыра түсу.

Сұхбат • 12 Сәуір, 2025

Жадыра Аширова: Ізденіс нәтижеге жеткізеді

Бүгінде ғылым саласына білікті кадрлар тартуға ерекше маңыз беріліп отыр. Әсіресе ғылымдағы жастардың үлесін арттыру бас­ты назарға алынған. Ғылым қызметкерлері күніне орай биотехнология, жасыл инновация, биоинженерия салаларынан ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген жас ғалым, PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің доценті Жадыра АШИРОВАМЕН әңгімелестік.

Басылым • 12 Сәуір, 2025

Академиктің 10 томдық жинағы жарық көрді

Парламент Сенатының депутаттары Қаныш Сәтбаевтың шығар­маларының толық жинағының салтанатты тұсау­ке­се­ріне қатысты.

Экономика • 12 Сәуір, 2025

«Самұрық-Қазына» ғылыми жобаларды қаржыландыру арқылы өндірістің тиімділігін арттырады

12 сәуір – Ғылым күніне орай «Самұрық-Қазынада» Қор тобының ғылыми-техникалық қызметіне арналған жиын өтті. Онда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктор­лық жұмыстарды қаржыландыру, ғылыми-техникалық қызметтің ағымдағы нәтижелері талқыланды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың басшылары, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының (Қорға қарасты ғылыми әзірлемелерді іріктеп, қаржыландыруға ұсынатын коммерциялық емес ұйым) өкілдері қатысты.

Қоғам • 12 Сәуір, 2025

Қаныштың қазынасы (Ой салатын онтомдық)

Көптен күткен онтомдық қолымызға тиді. Қастерлі қазына. Бағалы байлық. Қазаққа қадірлі Қаныш Сәтбаевтың мұрасы. Бұл онтомдық біраз нәрседен хабар береді. Әлемге әйгілі академиктің бүкіл дүниесі қамтылған. Ғылыми еңбектері жинақталған. Мақалалары топтастырылған. Жаңадан табылған туындылары қосылған. Библиографиясы түзілген. Қысқасы, көп тер төгілген.

Құқық • 12 Сәуір, 2025

Балалар қауіпсіздігі іс-шаралары пысықталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті.