
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2025
Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының (ТММҚ) Бакудегі Бас штаб-пәтерінде сарапшылар қор кеңесінің отырысына дайындық жұмыстарын талқылады. Олар осымен екінші мәрте бас қосып отыр. Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Сыртқы істер мен Мәдениет министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ ұйым қызметкерлері қатысты.
Сенат • 28 Қаңтар, 2025
Су тасқынына дайындық жайы талқыланады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өткен палата бюросында депутаттар осы аптада өтетін іс-шараларды пысықтап, 30 қаңтардағы Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.
Саясат • 28 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинмен кездесті.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2025
Өңдеу өнеркәсібін дамыту өзекті
Taldau Talks подкастының кезекті шығарылымына өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі арқау болды. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Спорт • 28 Қаңтар, 2025
Жеңіл атлетикадан әлемдік сайыс басталды
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes сайысының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Халықаралық бәсеке Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр. Бұл дүбірлі дода жеңіл атлетикадан ғимарат ішіндегі әлемдік турдың бір кезеңі екенін атап өткен жөн.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2025
Қасиетті қаланың түркі дүниесінің рухани астанасына айналуы түркістандықтарға ерекше дем беріп, жаңа бастамаларға жол ашты. Бүгінде Парламентте қаралып жатқан қалаға ерекше мәртебе беру жайы ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. Осы орайда Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасы жастарға ақыл-кеңесін айтып, рухани астананың атына заты сай болуына, Түркістан қаласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүр.
Білім • 28 Қаңтар, 2025
Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық білім басқармалары және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп, білім ұйымдарындағы тамақтану сапасын талқылады.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2025
Ғалымдардың айтуынша, тұрақты түрде кітап оқу ми қызметін жандандырып қана қоймай, жан тыныштығын сақтауға және психологиялық тепе-теңдікті нығайтуға ықпал етеді.
Жансарай • 25 Қаңтар, 2025
Өткен жылдың соңында жоғары білім мен ғылым саласында ұзақ жыл қызмет еткен физик-ғалым бақиға озды. Досым Кенжалиев – Жезқазғандағы, Оралдағы, Астанадағы әріптестеріміз үшін ерекше есім. Әсіресе шәкірттеріне ыстық. Дәрісте, практикалық сабақта, ғылыми семинарда, факультеттің үлкенді-кіші жиынында үндемей-ақ, кеуде қақпай-ақ, салмақты ой, ұсыныс айтып тұлғасын биіктететін. Әдетте ол бір шетте қарапайым ұстаздық қалпымен тұратын. Біз «Досеке, не айтарыңыз бар?» деуші едік. Сонда ол: «Мәселе былай ғой...» деп ешқайсымыздың ойымызға келмеген сындарлы пікір айтатын. Аз, бірақ саз сөйлейтін.
Тұлға • 25 Қаңтар, 2025
Халқымызда ұлтқа ұстын болар арда азаматтар аз емес. Адал еңбегімен абыройға кенеліп, мәртебесі биіктеген сондай жанның бірі – қаржы-экономика саласының білгірі Камал Шөкенов.