Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24051 материал табылды

Өшпес даңқ • 19 Сәуір, 2025

Жеңістің 80 жылдығына арналған еларалық жиын

Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58-пленарлық отырысы өтті. Оған Достастық елдер парламент­тері палаталарының басшылары мен депутаттары қатысты. Қазақстан делегациясын Парламент Сенатының төраға­сы Мәулен Әшімбаев бастап барды. Сапар аясында ол Жеңістің 80 жылдығына арналған ТМД ПАА-ның салтанатты отырысын­да сөз сөйледі және маңызды екіжақты кездесулер өткізді.

Үкімет • 19 Сәуір, 2025

Жүйелі жұмыстар жалғасады

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұман­ғариннің төрағалығы­мен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөнін­дегі штаб отырысында автомобиль және теміржолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды.

Саясат • 19 Сәуір, 2025

Өңірлік қауіпсіздікті нығайту жолындағы ықпалдастық

Қауіпсіз­дік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Самарқанд қаласын­да өткен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты.

Үкімет • 19 Сәуір, 2025

Зияткерлік меншікті қорғаудың көкейкесті құжаты қаралады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Ғылым • 19 Сәуір, 2025

Әлем тілдері жаһанның үйлесімін меңгертуге тиіс

Қазір әлемнің бірнеше тілін жетік меңгерген жастар көбейіп ке­леді. Бұған, әрине, қуанамыз. Бірақ елімізде тұрып ана тілін қа­ра­пайым деңгейден төмен біліп, шет тілін жоғары дәре­жеде білу осы салада ойланатын, талқылайтын мәселе бар екенін көрсетеді.

Әлем • 19 Сәуір, 2025

Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр. Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон стансасында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді.

Қоғам • 19 Сәуір, 2025

Қарқаралы – шағын қалалардың айнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлт­тық құрылтайда өңір­лердің даму деңгейін­дегі теңсіздікті жоюды мемле­кет­­тің страте­гиялық маңыз­ды мінде­ті ретінде ай­қын­дады. Бұл тұжырым ха­лықтың біркелкі орнала­суын қам­тамасыз ету, елдің тұрақ­ты­лы­ғы мен қауіпсіз­дігін нығайту, демографиялық тепе-теңдікті сақтау сынды аса маңызды мәселеде ірі қалалармен қатар шағын қала­лар­дың алар орны ерекше екенін айқын көрсетеді. Әсіресе облыс орталықтарынан шалғайда және мемлекеттік шекара маңында орналасқан шағын қалаларды заман талабына сай дамыту – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешен­ді шараның бірі.

Жастар • 18 Сәуір, 2025

Татулықтың тірегі – белсенді жастар

Жыл сайын сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен кезеңге көз жүгіртіп, алдағы мақсат-міндеттерін айқындайды. Биыл да дәстүрден жаңылмай, XXXIV сессия қарсаңында ұйымның атқарған жұмыстары, қоғамдық құрылымдарының қызметі жан-жақты сарапқа салынады.

Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025

Атаммен мақтанамын!

Жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухын биіктетіп, Жеңістің жалауын желбіреткенімізге 80 жыл толды. Осы айтулы мереке қарсаңында сұрапыл соғысқа қатысқан атам Кәкман Әлменбетов туралы жазуды жөн көрдім.

Руханият • 18 Сәуір, 2025

Хакімді Науаи тілінде сөйлеткен

Абайдың 200-дей өлеңі, 3 дастаны, 45 қарасөзі адамзатқа мұра болып қалды. Ұлы ақын Шығыс пен Батыс ойшылдарының бағыт-бағдарын темірқазық етіп қана қоймай, жұртына олардың ойы мен шығармаларын аударма арқылы жеткізген, айналасына насихаттаған. Оған Мұхтар Әуезов айтқан Абайдың үш қайнар көзден нәр алуы дәлел. Шығыстың жеті жұлдызы атанған шайырлардың «Йүзі раушан» өлеңінде аттарын атап, олардан медет сұрауы, жаңашыл дәстүрімен дастандар жазуы, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.С.Крылов секілді авторлардың елуден аса жыр маржанын талғампаздықпен таңдап аударуы – үлкен құбылыс.