Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23837 материал табылды

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

Шетелдегі қазақтармен байланыс: 2024 жылғы басты жетістіктер

2024 жыл шетелдегі қазақтармен байланысты жаңа деңгейге көтерген жыл болды. Миллиондаған қандастарымыз тұратын елдерде түрлі іс-шаралар өткізіліп, қазақ тілін, дәстүрін және руханиятын жандандыру бағытында айрықша жұмыстар жүзеге асырылды. Әлемнің әр түкпіріндегі қандастар ұлттық дәстүрлермен қайта қауышып, тарихи Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттырды.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024

Жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді

Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоба • 31 Желтоқсан, 2024

Жаңа жобаның нәтижесі

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша қанатқақты жоба жоғары тиімділігін және реформаның негізгі қағидалары: әділдік, сапа, ашықтық және тиімділікке сәйкестігін дәлелдеді. Жаңа механизм барлық бала мен олардың отбасылары үшін мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды.

Пікір • 31 Желтоқсан, 2024

Ұстаздарға айрықша қолдау

Ұстаз еңбегі қашанда шәкіртінің білімі мен алған тәрбиесінен көрініс беретіні заңдылық. Қырық жылдан астам Алматыдағы көру қабілеті бұзылған және зағип балаларға арналған №4 мектеп интернатында математика пәнінен сабақ бере жүріп, осы жолда ұстаз еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудің қыр-сырына қанықтым.

Жансарай • 31 Желтоқсан, 2024

Тұмса табиғат толғауы

Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаров оқырман қауымға бұған дейін тамаша роман, хикаяттарымен, мөлтек әңгімелерімен ғана емес, туған жеріміздің қайталанбас табиғаты туралы, сондай-ақ планетамыздың баз-бір таңғажайып өңірлері жайында, яғни сафари жанрында жазылған танымдық мәні зор туындыларымен де танымал қаламгер. Оның «Көккөл», «Мұзтау», «Шабанбай», «Шанағаты», «Қазығұрт», «Аспантау», «Тарғыл таулар, бұйра белдер», «Аюдың өті қайда?», «Қайырымды Үміт мүйісіне саяхат», «Қойға шап­қан қара аю», «Бұғы қуып, аю алған», «Саха-Якутия: Ақ қар, көк мұз еліне сапар» аталатын шы­ғармаларын оқырман жақсы біледі. Жұрт­шылық жазушы Әлібек Асқаровты бүгінде «та­биғат жыршысы» деп қабылдайды және оның қала­­мы­нан әрдайым тек тұшымды дүниелер күтіп жүреді.

Спорт • 31 Желтоқсан, 2024

21 дарабоз! Олар неше жасында топ жарды?

Мақалаға арқау болған спорт­шылар – әр жылдары хал­қы­мыз­дың мерейін өсіріп, мәр­тебе­сін көтерген жампоздар. Біз олар­­дың бозбала кезіндегі тұ­сау­кесті ірі жеңістері мен басты жетістіктерін тізіп қана қой­май, спорт аламанындағы ерекше көңіл аударуға тұратын кейбір қалтарыс тұстарын да қамтуға тырыстық.

Зерде • 28 Желтоқсан, 2024

Тұлғалар тағылымы: Жұмабай Шаяхметов және Нұртас Оңдасынов

Күрделі кеңес кезеңінде ұлт маңдайына біткен қайраткерлердің елге сіңірген еңбегін лайықты бағалау – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тарихымыздағы ірі тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймай, игі істерін байланыста қарауға тиіспіз. Президент Қ.Тоқаев кейінгі заман тұлғаларын байыптауға қатысты: «Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адамдар сирек. Мұндай тұлғалар тарихты түзеді, жаңа заманды алға жетеледі», деп атап көрсетті.

Саясат • 28 Желтоқсан, 2024

«Ауыл» партиясы ауылмен ғана шектелмейді

Санаулы күндерден кейін 2024 жыл тарих қойнауына кетіп, адамзат жаңа 2025 жылдың жылнамасының алғашқы беттерін ашады. Әлем жұрты қазір күнтізбенің соңғы беттерін парақтап, биылға есеп беріп, келер жылға жос­пар жасап жатыр. «Балапанды күзде санайды» дегендей, жетістіктерін кемелдендіру, кемшіліктерін жетілдіру мақсатында өткенін електен өткізіп үлгерді. Біз де – солардың қатарындамыз.

Пікір • 28 Желтоқсан, 2024

Алмас ЧУКИН, қаржыгер: Бюджет дағдарысының себебі тым тереңде

Өткен жылға өкпе жоқ. Көптеген секторда, әсіресе ауыл шаруашылығында оң нәтиже бар. Президент экономикалық реформалар тұрғысынан маңызды құжатқа – экономиканы ырықтандыру туралы жарлық шығарды.

Экономика • 28 Желтоқсан, 2024

ESG құралдары ірі кәсіпорындардың жұмысын өзгертеді

КПО мысалын талдау Кейінгі жылдары көптеген компания ESG стандарттарын енгізіп келеді. Отан­дық компаниялар да шет қал­май, өз жұмыстарына ха­лық­аралық тәжірибелерді ен­гізуде.