
Үкімет • 07 Желтоқсан, 2024
Мәжіліс Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдайды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2024
Жәңгір хан және Махамбеттің өлеңі
XIX ғасырда өмір сүрген ақын Махамбет Өтемісұлының Жәңгір ханға «Хан емессің, қасқырсың» деп басталатын екі шумақ өлеңіне жаңа ой қажет. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері хандар туралы, соның арасында Жәңгір Бөкейұлын тануға арналған зерттеулер, танытуға лайық мақалалар мен драмалық шығарма жарық көрді.
Басылым • 07 Желтоқсан, 2024
Таяуда филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы Орынбек Жолдыбайдың «Ардақтаймын атыңды» атты кітабы жарық көрді. Жаңа кітапқа еліміздің өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген Қуаныш Айтаханов, Ермек Жұмабаев, Керімқұл Пірімқұлов, сондай-ақ әріптестері Сырым Бақтыгерейұлы, Айтбай Тәсілов, Көпен Әмірбек, Серікқали Бәйменше, Ораз Қауғабай басқа азаматтардың өмірдегі жарқын жетістігі мен кісілік келбеті туралы портреттік очерктері енген.
Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2024
Тері өңдеуден неге теріс айналдық? Бүгінгі қазақ бұрынғы дәстүрінен айнымай, күздік жығу науқанын аяқтаған соң, әдеттегідей қысқы соғымын союға кірісіп кетті. Осы аралықта мал терісі күресінге лақтырылып, тау-тау болып үйіліп қалады. Халқымыздың жылдың басқа мезгілдерінде де қызылсыз отырмайтыны белгілі. Ондай кездері көбінесе пышаққа ұсақ мал ілігетіні мәлім. Демек қой мен ешкі терісі жүн-түбітімен қоса қоқысқа шығарылып тастайды.
Сатира • 06 Желтоқсан, 2024
Анау мен мынау сахнаның екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы шығады. Өздерін бір-біріне байқатпауға тырысады. Жүздерінен жақтырмағандық, жек көру нышаны білінеді.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024
2025 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі қандай
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2025 жылға арналған тұлғалардың жасына сай зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 06 Желтоқсан, 2024
Дана, дара, бала... Әбіш туралы әңгіме таусылмайды. Ақтауда 27 қыркүйекте Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен дүркіреп өткен мерейтой шараларынан кейін Әбіш Кекілбаев жайындағы кей ойларды тағы бір ортаға салудың орайы бар сияқты.
Таным • 06 Желтоқсан, 2024
Түрікмен әдебиетінің жарық жұлдызы, ұлы ақыны Мақтымқұлы Пырағы 1733–1790 жылдарда Этрек, Гүрген және Гаррыгала аумақтарында өмір сүрген делінеді. Араб тілінде жарық көрген кітабында есімі Махдимкулы болып аталған. Кейбір өлеңдерде Пырағы (Фраги) лақап аты қолданылған. Мақтымқұлының шын аты Геркез, жұрты Этрек екендігін оның төмендегі мына бір шумақтарынан көруге болады.
Талбесік • 06 Желтоқсан, 2024
Жаны жоқ демесеңіз, өсімдікте құдды сәби сияқты, ерекше күтімді керек етеді. Кейде жоспарды асыра орындау мақсатында жол жиегінің бәріне көшет егіп, оның бой алып кетуіне онша мән бермейміз. Мұны талшыбыққа жасалған қастандық десек те болады.
Тұлға • 06 Желтоқсан, 2024
Қаламынан поэзиялық жауһарлармен қатар, прозалық кесек шығармалар тудырған Ілияс Жансүгіров – балалар әдебиетінің де негізін салушылардың бірі. Ілиястың балаларға арналған өлеңдері шынайы қазақи өмірдің көріністерінен құралған. Бейбіт өмірге, оқу-білімге бастайтын игі мақсаттар баланың білімге ұмтылуына түрткі болатын ұлттық таным екені сөзсіз. «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Оқимын», «Бөбек бөлеу», «Тас шешей», «Сабын», «Ұршық», «Саптыаяқ», «Күн боламыз», «Элеватор», «Комбайн», «Қазақ үйдің тұрмысы», т.б. өлеңдері бүгінгі балалар әдебиетіндегі үлкен үлгі.