
Фото: Ашық дереккөз
Миграциялық сальдо +3801 адамды құрап отыр – бұл Қазақстанда өмір сүруді таңдаушылардың саны елден көшіп жатқандардан әлдеқайда көп екенін білдіреді.
Келген мигранттардың көпшілігі – ТМД елдерінен, олардың үлесі 84,1%-ды құрайды. Ең көп келгендер – Өзбекстаннан (2614 адам) және Ресейден (982 адам).
Тағы 783 адам басқа елдерден келген – олардың ішінде ең көбі Қытайдан (427 адам), Моңғолиядан (129 адам) және Түркиядан (57 адам).
Жаңа қоныстанушылар үшін ең тартымды өңірлер – Алматы облысы (1649 адам), Маңғыстау облысы (764 адам) және Алматы қаласы (687 адам) болды.
Келгендердің басым бөлігі (61,7%) – 20 мен 44 жас аралығындағы азаматтар.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
ЕҰУ 2-курс студенті