
Руханият • 27 Қараша, 2024
Қазақ хандығының қазығы қағылып, туы көтерілген киелі Шу өңірі – әлімсақтан сөз зергері Бөлтірік шешен, Сауытбек, Қуандық, қыл қобызды Бармақ, Жақсыбай, Қылышбай, Жидебай, т.б. ақындарымыздың кіндік қаны тамған отаны.
Мәселе • 27 Қараша, 2024
Шырайлы өлке апат аймағына айнала ма?
Қызылорда облысындағы ең шұрайлы да, шырайлы өлке Шиелі ауданы. Батысында – Сырдария өзені, шығысында – қарт Қаратау, темір жол мен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автобаны қапталында жосылып жатыр. Осындай қолайлы географиялық жағдайымен қатар мал-жанға жайлы табиғаты мұнда халықтың жиі шоғырлануына тіптен тиімді.
Отбасы • 26 Қараша, 2024
Математиктер отбасының формуласы
Қазақта мықты математиктер қай кезде де болған. Мектепте сабақ беріп қана қоймай, математикалық ілімді дамытып, білім алушыларға үйретудің жолын қарастырған педагогтар аз емес. Солардың бірі – Сәкен Ерғалиев пен оның зайыбы Айжан Нарымбетова – математика пәнінің мұғалімдері. Қазір олар Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Жылы су ауылдық округіне қарасты №25 жалпы білім беретін мектебінде математика пәнінен сабақ береді.
Қоғам • 26 Қараша, 2024
Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың қорытындысы белгілі болды. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен бекітілген Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларына сәйкес Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктерінің жалпы жиналысының шешімі шықты.
Үкімет • 26 Қараша, 2024
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда Сенат отырысының күн тәртібін белгіленді. Сондай-ақ палатаның іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттер пысықталды.
Шаруашылық • 26 Қараша, 2024
Түлікті асылдандыру зерттеледі
Еліміздегі жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институтын дамытудың міндеттері мен стратегиялық бағыттары вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте талқыланды.
Мектеп • 26 Қараша, 2024
Қайтарылған қаражатқа мектеп салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен еліміздің өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жалғасып жатыр.
Білім • 26 Қараша, 2024
Мемлекеттік кепілдік неге орындалмай отыр?
Елімізде әлі де орта білім беретін мектептерде оқушыларға орын жетпейді, көптеген сыныпта 30-дан аса бала білім алады. Бұған ата-аналар да алаңдап, білім сапасына қатысты мәселе көтереді. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында ұлт сапасын жақсартып, кадрлық әлеуетті арттыруда орта білім жүйесі өте маңызды рөл атқаратынын үнемі айтады. Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес кейінгі 5 жыл ішінде білім саласында бәсекелестік орта қалыптастыру, бюджетке түсетін жүктемені төмендету және оқушы орындарының тапшылығын азайтуда жеке инвесторлардың қаржысына салынған мектептердің үлесі біршама арта түсті.
Әдебиет • 23 Қараша, 2024
Шайбайдың Сұлтанмахмұтқа арнауы
«Айқап» журналының көне парақтарын ақтарып отырып, Шайбай Аймановтың Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған өлеңін тауып алдым. Төте жазумен түсірілген өлең 1915 жылы журналдың 11-санында жарияланыпты.
Қоғам • 23 Қараша, 2024
Білім ошағындағы әр жас арманымдағы мамандық иесі атансам деп ниеттенеді. Дегенмен өз қалауынан гөрі ата-анасының ықпалына не ҰБТ-ның шешіміне қарап қалады. Кей деректерге жүгінсек, жоғары білім алғандардың 10-20%-ы ғана өз мамандығымен жұмыс істейді. Демек біздің қоғамда мамандық таңдау мәселесі әлі де өзекті.