
Саясат • 23 Қараша, 2024
Рухани дипломатияның маңызын зерделеді
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейге сапары аясында Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті. Іс-шара барысында палата спикері оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне шақыруды табыс етті. Кездесуде тараптар рухани дипломатияның қазіргі сын-қатерлерді еңсерудегі рөлін талқылады.
Үкімет • 23 Қараша, 2024
Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Саясат • 22 Қараша, 2024
ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы
Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық ассамблеясының 57-пленарлық отырысы өтті. Оған Достастыққа мүше мемлекеттердің Парламент палаталарының төрағалары қатысты. Қазақстан делегациясын Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев бастап барды.
Сатира • 22 Қараша, 2024
Той десе қу бас домалайды емес пе, ырың-жырыңмен түн асырып барып бітіріп, біраз еркек кіндік бір бөлмеде жатуға тура кепті. Бәр-бәрінің түк болмағандай дөңкиіп жатыстарын.
Егемен Қазақстан • 22 Қараша, 2024
Алаяқтан абай болайық! Бүгінде түрлі әдіс-айланы пайдаланып, жұртшылықтың қалтасын қағатын алаяқтар тым көбейіп бара жатыр. Мысалы, былтыр зейнетке жетер-жетпес жастағы бір танысымның жұмыстағы қызмет телефонына біреу хабарласып, 1 миллион теңгесін алдап алған. Танысым ақшаны алаяқтың шабарман сыбайласына өз қолымен апарып берген. Қатты абдырағаны сол, көліктің не маркасына, не нөміріне мән бермеген.
Тұлға • 22 Қараша, 2024
Жаңалығы жоғары бағаланған ғалым
Қазір еліміз жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатыр. Азаматтардың бойына уақыт талабына сай дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнықты. Әсіресе қоғамдық-саяси болмысымыз, қалпымыз бен мәдени кодымыз өзгере бастады. Соңғы бес жылда елімізде ауқымды реформалар жүргізілді. Саяси жүйе түбегейлі өзгерді. Жұртшылықтың сана-сезімінде соны бетбұрыс байқалады. Халқымыздың құқықтық мәдениеті өсті. Осының бәрі қоғам өмірінде жаңаша көрініс тауып отыр.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Басты мақсат – өңір халқының тұрмысын жақсарту
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова өңірдегі әлеуметтік нысандарды аралап, сала мамандарымен кездесті. Кездесу барысында денсаулық сақтау мен білім саласын жаңғырту, спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.
Сұхбат • 22 Қараша, 2024
Бибігүл Төлегенова: «Бұлбұл» атандырған халқыма разымын!
Қазақ өнерінің паспорты іспетті, әлемді әнімен тамсантып, талай талантты шыңдап шығарған ерекше дарын иесі, аңыз әнші Бибігүл Төлегенова өзінің 95 жасында жеке шығармашылық кешін өткізгені – тарихта есте қалар оқиға, ұмытылмас естелік. Ерен өнер иелерінің басын жинаған өнер кеші «Астана Операның» үлкен сахнасында аншлагпен өтуі – елорданың жоғары мәдениетін, жарқын сәттерін көрсетеді. Кеш алдында қайталанбайтын сәттерді пайдаланып, Бибігүл Ахметқызынан эксклюзив сұхбат алып үлгерген едік.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Сәкен, Ілияс, Бейімбет ұлықталды
Ұлттық музейде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының қолдауымен халық «әдебиет алыптары» атап кеткен Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы кеңесі бастап ұйымдастырған іс-шараға ғалымдар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мирас • 22 Қараша, 2024
Қазақ эпостарының құнарлы қайнары
«Алтын Орда дәуірінің фольклоры мен әдебиеті, өнері мен мәдениеті» деген тақырып Еуразия түркі халықтарының гуманитарлық ғылымында кеңес өкіметі құлағаннан кейін ғана орныға бастады. Бұл орайда, кейінгі жылдары татар, башқұрт, ноғай ғалымдарының Алтын Орда дәуіріндегі рухани алтын өзекті аршып көрсетуге байланысты батыл ізденістер жасап жатқаны атап айтуға тұрарлық. Ол зерттеулердің барлығында арғы бастауын Ұлық ұлыс дәуірінен алып, кейіннен түркі халықтарының мұрасында шалқарын тапқан шығармаларды «Алтын Орда дәуірінің мұрасы» деп қарастыруды жөн санайды. Бұл мақала көлемді ғылыми жұмыстың қысқаша баяны. Дегенмен сол көлемді дүниенің маңызды деген тұстарын түйіндеп көпшілікке ұсындық.