Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3618 материал табылды

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Үкіметте егін жинау науқаны жөніндегі жедел штаб отырысы өтіп, жаңа өнім кезеңінің алдын ала қорытындылары қаралды.

Білім • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Биыл Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылы 25 қазанда қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларациясына 35 жыл толып отыр. Декларация, әрине, бір күндік немесе бір сәттік еңбектің нәтижесі емес. Оның астарында сан ғасырлық азаттық жолындағы қаһармандық пен азапты күрестің қатпарлы шежіресі жатыр. Осы ретте тарихи құжаттың мынадай қырларын бөліп атаған жөн. Қабылданған құжат арқылы Қазақ елі ХХ ғасыр басында, яғни 1917 жылдың желтоқсанында өткен жалпықазақ съезінде ұлт ретінде тірі я өлі болу туралы көтерген мәселесін осы жүзжылдықтың соңында екінші мәрте қоюы еді. Бұл – бір. Екіншіден, қабылданған декларация қазақ халқының әлемдік қауымдастық алдында өзінің базалық құқы – тәуелсіз ұлттың мемлекеттілігін жаңғырту жолына түскендігін мәлімдеуі болды.

Марапат • 25 Қазан, 2025

Құраш МАХҰЛОВ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері

Бала кезімізден үлкендердің «Еңбекпен тапқан нанның дәмі тәтті» дегенін жиі естуші едік. Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының қолынан ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алғандағы әсерімді сөзбен жеткізу қиын.

Марапат • 25 Қазан, 2025

Күлшат ДӘУРЕНБЕКОВА ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алуым – үлкен мәртебе.

Марапат • 25 Қазан, 2025

Сергей ЧЕРНОБАЙ Қазақстанның Еңбек Ері

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алу – үлкен қуаныш әрі зор мәртебе. Бұл марапатты жеке еңбегімнің емес, бүкіл кеншілер қауымының қажырлы еңбегінің нәтижесі деп санаймын.

Пікір • 25 Қазан, 2025

Ұлт тағдырын айқындаған таңдау

80-жылдардың соңында кеңес одағы саяси және экономикалық тұрғыдан күйреу алдында тұрды. Одақтың ішкі құрылымы әлсіреп, түрлі саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарыс тереңдей түсті. Жер-жерде халық толқулары орын алып, ұлттық сана-сезім оянды. Біздің еліміз де бұл үдерістен шет қалмады.

Пікір • 25 Қазан, 2025

Мұрат ҚАРАЖҰМАНОВ, «Мәмбетов және К» КС механизаторы, Қазақстанның Еңбек Ері

Мамлют ауданындағы «Мәмбетов және К» КС шаруашылығында көп жылдан бері еңбек етіп келемін. Бүгін еңбегім жанып, осындай жоға­ры дәрежелі марапатқа ие болғаныма қуаныш­тымын.

Марапат • 25 Қазан, 2025

Мемлекеттік наградалар тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар қоғам қайраткері мен шығармашылық қауым өкілдері еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың, Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесіне, шығармашылық қауым өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Форум • 25 Қазан, 2025

Әлеуметтік сала мамандарының еңбегі бағаланды

Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған халықаралық форумға қатысып, кәсіби мереке қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әлеуметтік-еңбек саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Президент • 25 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Республика күні құтты болсын! Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды.