Саясат • 14 Сәуір, 2026
Көпвекторлы сыртқы саясат тағылымы
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыстарын жолға қойып, сыртқы саясатын пәрменді түрде жүргізіп келеді. Алыс және жақын шетелдермен дипломатиялық қатынасын әрі экономикалық, мәдени байланыстарын күшейтіп, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарынан көрінді. Қазіргі уақытта 140-қа жуық елмен қарым-қатынасымыз оң жолға қойылған. Тәуелсіздік жылдарында 56 елде 75 шетелдік өкілдік, 45 елшілік, 6 дипломатиялық уәкілдік, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашылды.
Көрме • 14 Сәуір, 2026
Биыл Қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 65 жыл толып отыр. Сонымен қатар ғарыш туризміне ширек ғасыр толды. Осыған орай елордадағы Президенттік орталықта «Кеттік! 65 жыл бұрын...» атты архивтік-иллюстрациялық көрме ашылды.
Қоғам • 14 Сәуір, 2026
Жасөспірімдер денсаулығына – елдік көзқарас
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі. Сенатор қаралып отырған мәселенің қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде маңыздылығын атап өтіп, оның демографиялық даму мен адам капиталы сапасының әсеріне тоқталды.
Рекорд • 14 Сәуір, 2026
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы филиалының мүшелері, яғни ақжаулықты әжелер ұзындығы 112 метрді құрайтын «Жылдың төрт мезгілін бейнелейтін сырлы сырмақ» атты айрықша туындысымен әлемдік рекордтар кітабына енді.
Аңдатпа • 14 Сәуір, 2026
17 сәуір - «Балалық шаққа саяхат» Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» драмасы сахналанады. Режиссері – Жангелді Садықов.
Саясат • 14 Сәуір, 2026
Қазақстан тарихының бесінші томы мақұлданды
Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.
Әдебиет • 11 Сәуір, 2026
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Үлкен әдебиетте айнымас бір белгі бар. Қас дарынның төлтума шығармашылығынан бір бөлек, мифтік Иппокрена бастауынан шөлін басқан, әлемдік сөз өнерінің жауһар үлгілерінен шабыттану қасиеті құстың қос қанаты тәрізді биікке ұмтылдыратыны айқын. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ, әлемдік әдебиет Құс Жолы тәрізді біртұтас екенін фон Гете өз хатшысы Эккерманмен әңгімесінде 1827 жылы 31 қаңтарда айтқан болатын.
Руханият • 11 Сәуір, 2026
Темiрхан Медетбектiң өлеңдерiнiң уәзiнi де, пiшiмi де бөлек. Ерек. Бiр қарасаң, ежелдегi жаршылардың жар шақыруына да ұқсайтындай. Ендi бiр қарасаң, әдебиетте «ақындық проза» дейтiн бар, осы ақындық прозаға да келiңкiрейтiндей. Әдетте ақындар ұйқас қуады емес пе, Темiрхан Медетбек ұйқасыңа пысқырмайды да.
Пікір • 11 Сәуір, 2026
Ғылыми әлеует – мемлекет дамуының стратегиялық тірегі
Ғылым – кез келген мемлекеттің өркендеу деңгейін айқындайтын, оның бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін, ұзақмерзімді дамуына негіз қалайтын стратегиялық сала. Бүгінгі жаһандық өзгерістер дәуірінде ғылым мен технологиялық ілгерілеу елдердің экономикалық қуатын ғана емес, олардың халықаралық беделі мен ұлттық қауіпсіздігін де айқындайтын негізгі факторға айналды.
Саясат • 11 Сәуір, 2026
Экология заңдарын жетілдіру маңызды
Сенат депутаты Ольга Булавкина ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысына қатысты.