
Өшпес даңқ • 22 Сәуір, 2025
Тарих таразысы соғыс салған жараның тереңдігін уақыт өте келе анықтап береді. Қан майданда от кешкен ерлердің ерлігін ұмытпай, ұрпақ санасына сіңіру – тарихи әділеттің талабы, елдіктің белгісі. Осы орайда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ерен ерлігімен көзге түскен жауынгер, Түркістан облысының Созақ ауданына қарасты Сызған ауылында 1924 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген Қыдырәлі Дүйсебековті ерекше ілтипатпен еске аламыз.
Айбын • 22 Сәуір, 2025
Тәуелсіздік алып, төл Қарулы күштерін құрғаннан кейін еліміздің алдында әскери қауіпсіздіктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде әскери-техникалық мамандарды даярлау қажеттілігі туды.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
«Egemen Qazaqstan» газетін көп жылдан бері жаздырып алып оқимын. Бір нөмірін қалт жібермеймін. Бұл басылымның халық алдындағы беделін ескере отырып, өзімді көптен толғандырып жүрген бірер ұсынысымды жеткізуді жөн көрдім.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Бұл күнде шетелдерде білім жетілдіріп, абыройлы қызмет атқарып жүрген қазақ жастары баршылық. Олардың әрбір жетістігі елімізге зор мерей.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2025
"Қазақ" атауы қалпына келтірілген кез
Орталық мемлекеттік архив пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесе отырып, «Қазақ жерінің тұтастануы мен «қазақ» атауының қайтарылуына 100 жыл» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл, қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына 100 жыл толуына арналған жиынға белгілі ғалымдар, академиктер мен тарихшылар қатысты.
Мәдениет • 19 Сәуір, 2025
Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды
Арменияда өтіп жатқан Қазақстанның мәдени күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті.
Digital • 19 Сәуір, 2025
WhatsApp аккаунтын қалай қорғаймыз?
WhatsApp – әлемдегі ең танымал мессенджерлердің бірі. Сондай-ақ ол хакерлер мен алаяқтардың да басты нысанасы. Олар аккаунтыңызды ұрлап, жеке хаттарыңызды оқып, тіпті зымиян пиғылын іске асыру үшін нөміріңізді пайдалануы мүмкін. Өзіңізді және деректеріңізді қорғаудың жолын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төмендегіше түсіндіреді.
Зерде • 19 Сәуір, 2025
Жұрт үшін жанын шүберекке түйген
Арамыздан кеткеніне сексен жылдан астам уақыт өтсе де, Маңғыстау халқы үшін Оразмағамбет Тұрмағамбетұлының есімі аяулы. Біреу оны кен іздеген кемеңгер десе, біреу ағартушы, үшіншілері басы ауырып, балтыры сыздағанға қолұшын беретін емші, төртіншілері үлкен діни ғұлама есебінде біледі. Әрине, бұлардың бәрі де тек айтыла салған әңгіме емес еді. Өйткені ол көзінің тірісінде осы айтылған салалардың қай-қайсысын да жете меңгерген болатын. Ең бастысы, Оразмағамбет – елінің азаттығы жолында аянбай күрескен қайраткер, Маңғыстау өлкесіндегі Алашорда ұйымының белсенді мүшесі.
Өшпес даңқ • 19 Сәуір, 2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған еларалық жиын
Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58-пленарлық отырысы өтті. Оған Достастық елдер парламенттері палаталарының басшылары мен депутаттары қатысты. Қазақстан делегациясын Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды. Сапар аясында ол Жеңістің 80 жылдығына арналған ТМД ПАА-ның салтанатты отырысында сөз сөйледі және маңызды екіжақты кездесулер өткізді.
Үкімет • 19 Сәуір, 2025
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында автомобиль және теміржолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды.