Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
4065 материал табылды

Салық • 02 Сәуір, 2026

Салық кодексі ережелері талқыланды

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Ақтөбеде «Салық кодексінің тұжырымдамалық мәселелері және оның бизнесті дамытуға әсері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Саясат • 02 Сәуір, 2026

700 білім бағдарламасы жабылып, тың бағыттар іске қосылады

Еліміздің білім жүйесі кадр даярлау ісін экономиканың және технологиялық дамудың заманауи талап­тарына сай қайта бейімдеуге бағытталған терең трансформация кезеңіне қадам басты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің бейнеүндеуінде мәлімдеді.

Аңдатпа • 02 Сәуір, 2026

Аңдатпа

4 сәуір - «Сүйікті етші, сүйіктім»

Руханият • 01 Сәуір, 2026

Терең тағылым

Ұлттық ғылым академиясының академигі, қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбайұлы – өмірін қазақ тіл білімі мен мемлекеттік тілдің атқарушы билік пен қоғамның бар саласында орнығуына жұмсаған тұлға. Ғалымның зерттеулері отандық лингвистиканың, соның ішінде терминологияның қалыптасуы мен дамуына арналып, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алатын пән сөздері саласына елеулі үлес қосты. Ғылыми мектеп жасақтап, қазақ терминологиясын жаңа деңгейге көтерді.

Руханият • 01 Сәуір, 2026

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Өткен жылы курстастар Алматыда бас қосып, университет бітіргеніміздің елу жылдығын дүркіретіп атадық. Қаланың сыртында, тау өзенінің жағасындағы кең коттеджде түннің бір уағына дейін дуылдасып, жылдар бойы көкіректе қордаланған сағынышты ақтардық, естеліктің тиегін ағыттық. Сол түнде ауызға алынған есімнің бірі – Нарша.

Денсаулық • 01 Сәуір, 2026

Аурудың алдын алудың маңызы зор

Медицинаның ең үлкен жетістіктерінің бірі вакцина – ағзаны жұқпалы аурулардан қорғаудың ең сенімді тәсілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, вакцинация жыл сайын әлемде 3-5 млн адамның өмірін сақтап қалады.

Аңдатпа • 01 Сәуір, 2026

Аңдатпа

3 сәуір - «Жусан иісі» Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мем­ле­­кет­тік академиялық балалар мен жасөс­пі­рім­дер театрында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» драмасы сахналанады. Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

Мирас • 01 Сәуір, 2026

Ұлттық мұраны сақтаудың кешенді жоспары

Үкімет ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл құжат ұлттық құндылықтарды сақтау ісін жүйелеп қана қоймай, оны халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.

Саясат • 01 Сәуір, 2026

Өзара тәжірибе мен ақпарат алмасуға әзір

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алқа мүшесі – Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермоловичпен кездесті.

Университет • 31 Наурыз, 2026

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған орай елордада алдағы 3–4 сәуір күндері екінші «International Legathon MaxUP» заң саласындағы кейс-чемпионаты өтеді. Мазмұнды іс-шараны Maqsut Narikbayev University (MNU) АХҚО Соты, Baker McKenzie және «Kazakhstan Bar Association» қолдауымен ұйымдастырады. Сайыстың тақырыбы «Болашақ құқығы» деп аталады. Байқауға 13 елден 90-нан астам студент қатысады.

Яндекс.Метрика