Саясат • Бүгін, 07:48

Жер берудегі заманауи формат

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде «ҚР кейбір заң­намалық актілеріне топырақты қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына қатысты жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы ауыл шаруашылығы жерлерін беру тетігін электрондық конкурстарға көшіруге бағытталған түзетулерге арналды.

Жер берудегі заманауи формат

Сурет: aikyn.kz

Мәжіліс депутаты, жұмыс тобы­ның жетекшісі Нұржан Әшім­бетов түзетулер Үкімет тарапынан Мем­лекет басшысының 2025 жылғы 8 қыр­күйектегі Қазақстан халқына Жол­дауында айтылған тапсырманы орын­дау аясында әзірленгенін еске салды.

Отырыс кезінде үкіметтік түзету­лерді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов таныс­тырды. Оның айтуынша, ұсы­ны­лып отырған өзгерістер ауыл ша­руа­шылығы жерлерін беру те­тігін цифр­лық форматқа көшіру­ді көздейді және рәсімдердің ашық­тығын арт­тыруға бағытталған. Атап айт­қанда, Жер кодексінің бірқатар нор­малары жаңа редакцияда ұсынылады.

«Түзетулердің негізгі мақсаты – жер комиссияларының функцияларын жою және толықтай электрондық форматқа көшу ар­қылы ауыл шаруашылығы жер­лерін бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету. Бұл ретте Кодекстің негізгі нормалары сақталады. Кодексте бұрынғысынша жер пайдаланушылардың базалық міндеттері қарастырылады, ол сондай-ақ балл түріндегі қосымша артықшылықтардың берілуіне кепіл болады», деді вице-министр.

Конкурстарды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізу жоспарланып отыр. Барлық рәсім өтінім беруден бастап, жеңімпазды айқындауға дейін толық автоматтандырылады.

Жаңа тетік конкурстарды өткізу мерзімін 90 күннен 45 күнтіз­бе­лік күнге дейін қысқартуды, кон­курсқа бизнес-жоспар мен ұсыныс әзірлемей-ақ проактивті форматта қатысуды, сондай-ақ жеңімпазды автоматтандырылған жүйе арқылы айқындауды көздейді. Бұдан бөлек, «қосымша жеңімпаз» тетігі енгізіліп, жалға алу шартын жасасудан жалтарған тұлғаларға шектеулер белгіленеді.

Талқылау барысында депутаттар ұсынылып отырған нормаларды іске асыруға қатысты бірқатар тәжірибелік мәселені көтерді. Атап айтқанда, заң жобасындағы терминологияны нақтылау, жер санаттарын бағалау, учаскелердің кадастрлық құнын өзгерту мәсе­лелері қаралды. Сондай-ақ жер­гілікті атқарушы органдардың конкурстар өткізуге дайындығы, оның ішінде инфрақұрылымның, кадр­лық әлеуеттің және цифрлық плат­форманың әзірлік деңгейі, сондай-ақ жаңа тетікті енгізу кезіндегі ықтимал сын-қатерлер мен шектеулер талқыланды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығының маусымдық жұмысы ескеріле отырып, конкурс мерзімін қысқарту, балл беру тәртібі және «бастаушы кәсіпкер» ұғымын айқындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, салалық ұйымдары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35