Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23822 материал табылды

Пікір • 18 Наурыз, 2025

Үміт отын тұтатты

Ұлттық құрылтайда Торғай еліне қатысты бірдеңе айтылып қала ма деп елеңдеп отырғанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Осы тұста тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба қолға алынатыны туралы жариялағым келеді. Мен үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бас­тауды тапсырдым. Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтар арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл тұтас Торғай өңірінің дамуына серпін беретін ауқымды жоба» дегенін естіп риза болып қалдық.

Пікір • 18 Наурыз, 2025

Цифрландыру жанданады

Мемлекет басшысының Бурабайда өткен Ұлттық құрыл­тай­да цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері бойынша жасаған мәлімдемесі өте өзекті әрі уақыт талабына сай. Жасанды интеллект саласы маманы ретінде айтарым, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифр­лық тех­нологиялар мен жасанды интеллектіні еліміз­дің стра­те­гиялық басымдықтары қатарына жат­қыза отырып, дер кезінде нақты міндеттерді айқындап берді.

Пікір • 18 Наурыз, 2025

Жасанды интеллект және ұлттық бірегейлік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құ­­рыл­ған Ұлттық құрылтай бүгінде ұлтты ұйыстырып, қо­ғам­ бір­­лігін дамытатын маңызды алаңға айналды. Бұған дейін Ұлы­­­тау­да, Түркістанда, Атырауда ұйымдастырылған Ұлт­тық құ­рыл­­тай биыл Көкшетау жерінде, Бурабай төрінде табысты өтті.

Айбын • 18 Наурыз, 2025

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Астанада Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің мүшелерімен және ұйымның өңірлік филиалдарының төрағаларымен кездесу өткізді.

Экономика • 18 Наурыз, 2025

Бағдары айқын алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында

Таяу күндері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тізгінін қолына алғанына алты жыл толады. Осы уақыт ішінде Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленістерге дейінгі көптеген сын-қатерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге жетті.

Қоғам • 18 Наурыз, 2025

Лицензияларды қайта рәсімдеу автоматтандырылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынымдары негізін­де Әділет министрлігі таяуда лицензияларды қайта рәсімдеу мерзімін 3 жұмыс күнінен 20 минутқа дейін қысқартып, толығымен автоматтандыру үдерісін жүзеге асырды.

Үкімет • 18 Наурыз, 2025

Нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың Бурабай­да өткен IV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар мен берген тапсырмаларды орындау жұмысын ұйымдастыру жөнінде жиын өткізді.

Сенат • 18 Наурыз, 2025

Кешенді бастамаларды жүзеге асыру талқыланды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтті. Онда депутаттар осы аптадағы Іс-шаралар жоспарын талқылады және 20 наурызда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Пікір • 18 Наурыз, 2025

Заманауи идеологияның темірқазығы

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін шешу мен сын-қатерлерді дер кезінде еңсеруді тиянақтап берді. Осы ретте ішкі саясат пен идеологияға қатысты ойымызды ортаға салған едік.

Абай • 18 Наурыз, 2025

Абай институтының өрісі кеңейеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрыл­тай­дың төр­тінші отырысында Абай институтының көк­жие­гі көркем болуы туралы айтқан ойы субстанциялық мәні­мен ерекше. Ғұлама ойшыл, классик ақын, хакім Абайды тануымыз – өзімізді танығанымыз. Абай сөзінің өрісі кең. «Адам­заттың бәрін сүй, бауырым деп...» деген ақын дана­лығы – адамзатқа ортақ байлық.