Саясат • Бүгін, 07:25

Тауар өндірушілер тізілімі іске қосылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстандық тауар өндіру­шілерінің тізілімі» цифрлық платфор­масы жұмыс істей бастайды. Ол e-ondiris.gov.kz сай­тын­дағы барлық пайдаланушыға қол­же­тімді.

Тауар өндірушілер тізілімі іске қосылады

Сурет: ortcom.kz

«Тауарлардың шығуын растау­дың бұрынғы механизмімен салыс­тырғандағы тізілімнің бас­ты айыр­машылығы – барлық үдеріс толық цифрландырылған. Өтініштерді беру, оларды тексеру және шешім қабылдау толығымен онлайн режімде жүзеге асырылады, бұл барлық кезеңде ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді», деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Екіншіден, үдеріс бюрократиядан арылады. Жүйе басқа мемлекеттік базалармен интеграцияланып, құжаттар санын қысқартуға, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, бұл қызметті мемлекеттік органдар жеке аудиторлар мен сарапшылардың қатысуынсыз тегін көрсетеді.

Министр жаңа жүйеге тиімді өту үшін бұрын отандық өндірушілер мәртебесін растаған 1800-ден аса индустриялық сертификаттардың иелері аталған тізілімге автоматты түрде ауыстырылғанын атап өтті. Бұл компаниялар бір ай ішінде жүйеде қажетті мәліметтерді толықтырып, өтінімді ЭЦҚ арқылы растауы қажет. Қазір жаңа платформаға мыңға жуық компания тіркелген.

Соңғы жаңалықтар