
Қоғам • 25 Қазан, 2020
Қызметтік иттер 4 адам өлтіруді ашуға көмектесті
СҚО ПД инспектор-кинологы, аға лейтенант Виктор Рейбандттың сенімді көмекшісі - неміс овчаркасы Амурдың иіс алу қабілеті тәртіп сақшыларына 18 қылмысты ашуға көмектесті. Басым бөлігі бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы. Амур өткен жылы тамыз айында тіпті адам өлтіруді ашуға қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2020
Такси жүргізушісіне жолаушы қол көтерген
Петропавл қаласында жолаушы мен такси жүргізушілерінің арасында кикілжіңдер жиі болып тұрады. Оның басты себебі – кейбір таксишілердің, көбінесе, сыпайы қызмет көрсетуді білмейтіндігіне тіреледі. Өзіне адал ақшасын төлеп тұрған жолаушыға ондайлар қызмет көрсетудің орнына жоғарыдан төмен қарап, өзінің қызмет көрсетуші екенін мүлде ұмытып, Кеңестік кезеңдегі жұмысшылардың асқақтықпен сөйлейтін ескі әдетімен сіресіп, дөрекі сөйлейді.
Аймақтар • 23 Қазан, 2020
Жатақханалардағы тұрмыстық ахуалмен танысты
"Nur Otan" партиясының жастар қанаты "Qutty meken" партиялық жобасының аясында арнайы мониторингтік топ құрып, олар М.Қозыбаев атындағы СҚО университетінің жатақханаларындағы студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Қазан, 2020
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаман індеттің екінші толқынына байланысты Instagram желісі арқылы облыс тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2020
13 петропавлдық ата-ана құқығынан айырылды
Биылғы жыл басынан бері Петропавлда 13 әйел ата-аналық құқығынан айырылды. Қазір 8 материал қаралу үстінде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
ТМД елдерінде іздеуде жүрген 20 қылмыскер Солтүстік Қазақстанда ұсталды
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ПД Криминалдық полициясы хабарлады.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Бейнекамералар жол қауіпсіздігін сақтауды арттыруда
Петропавлдағы "ақылды" қиылыстардың көмегімен Жол қауіпсіздігі ережесінің (ЖҚЕ) 60-тан астам өрескел бұзушылығы анықталды. Қалада аталған жүйелермен 7 қиылыс жабдықталған.
Қоғам • 19 Қазан, 2020
Қауіпті бетперде туралы ақпарат жалған болып шықты
Жуырда біреу халықты шошытып, әлеуметтік желілерге біреулердің естен тандыратын есірткіге малынған маскалар тарататынын, оны үй-ішіндегі жандардың бәріне тегін беретінін, ал бетпердені киген адам есінен танып қалатынын, сол кезде суық қолдылар үйлерді тонап кететінін жазған болатын. Әрине, ақыл-есі бүтін адамдар мұндай бетперделердің болмайтынын бірден сезген. Өйткені, есірткі заттарының өзі қымбат, оны ешкім үй тонаймын деп тегін таратпайды. Бірақ көптеген адамдар мұндайға елеңдеп, үрейленіп те қалады.
Аймақтар • 19 Қазан, 2020
СҚО-да шаян жинаушылар ұсталды
Салин артемиясы деп аталатын шаяндар Солтүстік Қазақстанның ащылы көлдерінде де бар екен. Мұнда да оны жинап, шетелге сататын суыққолдылар шығыпты. Қытайда осы шаяндардан дәрі-дәрмек, опа-далап және т.б. жасайды. Сондықтан бағасы да қымбат, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 19 Қазан, 2020
Тексеру сауатты болса, қаражат тиімді жұмсалады
Солтүстік Қазақстан облыстық бюджет қаражатының дұрыс орындалуын тексеру жөніндегі Тексеру комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуына қарағанда, осы жылғы тексеріс нәтижесінде 1 млрд 163 млн теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтері облыстық бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілген.