
Аймақтар • 29 Қазан, 2020
СҚО полицейлері интернет-алаяқтықты құрықтады
СҚО полицейлері "Hi-Tech" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір қылмысты ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қазан, 2020
Теріскейде агросектордың табысы артты
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жылы аяқталып келеді. Облыс жиын-терін жұмыстарын өз уақытында аяқтады. Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының ең маңызды саласы, оның өнімдері өңір экономикасының төрттен бірін құрайды. Саланың облыстық басқармасының бастығы Ерболат Бекшеновтің айтуына қарағанда, 9 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4,3% өсіммен 628 млрд теңгені құраған.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Солтүстікте Айыртау ауданында жауынгерлік граната табылды
Осы ауданға қарасты Имантау ауылының тұрғыны полицияға қауіпті "олжа" тапқаны туралы хабарлаған. 55 жастағы адам өзінің иттерін серуендетіп жүргенде жерде жатқан граната салынған пакетті көрген, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 28 Қазан, 2020
Күрмеуді шешу – күрделі міндет
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті еліміздің терістігіндегі жалғыз жоғары оқу орны. Университеттің білім беру сапасы бойынша озық нәтижелер көрсетіп, республикаға танылған жылдары да болған. Алайда соңғы жылдары білім сапасы жағынан үнемі кенже қалып келеді. Мәселен, «Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің» рейтингіне қарағанда, 2011 жылдан бері бұл университет оныншы орыннан жоғары көтерілген емес.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Г.Бельгердің туған күні аталып өтті
СҚО Полиция департаментінде жерлесіміз Герольд Бельгердің туған күні аталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Солтүстік Қазақстанда көктайғақтан көлік апаты жиіледі
Қар білініп, көктайғақ басталғалы солтүстікқазақстандық патрульдік полиция батальонының жұмысы арта түсуде. Өйткені, машиналардың жолдан тайып кетуі жиілеп, апатты жағдайлар артып жатыр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Полиция жоғалған жылқыларды табуға көмектесті
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы Новоандреевка ауылының тұрғыны полицияға үйінің қасында байлаулы тұрған құлынды биесінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Өзі екі күн бойы іздесе де малынан еш дерек таба алмай, амалсыздан полицияға жүгініпті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Алаңдатарлық ахуал – күшейтілген күрес
Солтүстік Қазақстан облысындағы ахуал алаңдатарлық халде қалып отыр. Осыған байланысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов да үндеу жариялап, халықты сақтануға шақырған еді. Осыдан кейін тиісті қызметтер де жағдайдың оңай емес екенін жеткізіп, коммуникацияның аймақтық қызметінде брифинг берді. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасары Татьяна Горлова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Құмар Күсемісов жағдайдың оңай емес екендігіне назар аударды.
Тарих • 27 Қазан, 2020
1937 жылдың қанды қырғынында болған мына оқиғаны газетіміздің жанашыры, белсенді авторларымыздың бірі М.Оспанова айтып берді. Оқиға 1937 жылы Преснов ауданына қарасты Баян ауылында болған. Жан-жақта «халық жаулары» «әшкереленіп», газет пен радио сұңқылдап жатқанда ел арасындағы үрей де өрекпіп тұрған.
Қоғам • 25 Қазан, 2020
Терезеде ойнап отырған балалар өз өміріне қауіп төндіреді
Петропавл полициясына биік үйдің терезесін іштен ашып, жақтауында ойнап отырған бөбектер туралы суыт хабар түскен. Оны қарсы үйдегі көріп қалған тұрғын хабарлаған. Полиция Уәлиханов көшесіндегі осы үйге ювеналдық полиция инспекторы шұғыл жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.