Қоғам • 10 Желтоқсан, 2020

Солтүстікте алимент төлеуге міндетті азаматтар іздестіріліп жатыр

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған екі қызын бағып-қағудан бас тартқан әйел табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстікте алимент төлеуге міндетті азаматтар іздестіріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Мүсірепов ауданындағы көші-қон қызметкерлері Қостанай облысындағы әріптестерімен өзара қарым-қатынас жүргізу нәтижесінде кәмелетке толмаған екі қызын бағып-қағудан бас тартып, әкеcіне тастап кеткені үшін сот шешімімен алимент төлеуге тиісті 43 жастағы әйелді іздеп тапты.

Әйелдің 2015 жылдан бергі қарызы 600 мың теңгеден асып кеткен.

«9-11 желтоқсан аралығында біз алимент төлеуге мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды іздеу жұмыстарын іздеуді күшейттік. Табылған адамдар туралы барлық ақпаратты біз сот орындаушыларына қарызды өндіріп алу үшін жібереміз», - дейді Солтүстік Қазақстан облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Ал Қазақстандағы банк алдындағы қаржылық міндеттемелері бар 40 жастағы ер адамның тұрған жері Ресей Федерациясының Омбы қаласында анықталған. Акцияның бірінші күні 3 алимент төлемегеннің және 4 борышкердің тұрғылықты мекенжайы анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025