Баға • Бүгін, 08:45

Жанармай нарығы: Баға қалыптастырудың басты тетігі

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде жанар-жағармай нарығын дамыту – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сарапшылардың айтуынша, аталған секторда баға қалыптастыру тетіктерін жетілдіру тек нарықтың тиімді жұмыс істеуіне ғана емес, тұтас экономиканың тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігінде де шешуші фактор.

Жанармай нарығы: Баға қалыптастырудың басты тетігі

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

«KAZENERGY» қауымдастығы алаңында жанар-жағармай нарығындағы жағдай жан-жақты талқыланды. Әңгіменің негізгі өзегі АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын қалыптас­тыру қағидаттары мәселесі болды. Қолданыс­тағы әкімшілік реттеу шаралары өндірістік, логистикалық және операциялық шығындардың өсуімен қабаттасып, нарық қатысушыларына қосымша салмақ түсіріп отырғаны айтылды.

Сарапшылар мұндай шек­­теулердің ұзақ уақыт сақ­талуы саладағы инвести­ция­лық белсенділікке кері әсер етуі ықтимал екенін жеткізді.

Инфляциялық қысым­ның күшеюі, көлік шығын­дарының өсуі, өндірістік жаб­дықтарды жаңарту қа­жет­тілігі мұнай өнімде­рі­нің өзіндік құнына әсер етпей қоймайды. Ішкі на­рық­тағы сұраныстың артуы да баға қалыптастыру жүйе­сіне қосымша талап жүк­тейді. Мамандардың пікі­рінше, нарықтағы шынайы жағдайды ескермейтін тетік­тер уақыт өте келе тең­ге­рім­сіздікке алып келуі мүм­кін.

Сарапшы Нұрлан Жұма­ғұлов баға айырмашы­лы­ғының көрші елдермен са­лыстырғанда едәуір арзан болуы «сұр» экспорттың бе­лең алуына ықпал ететінін айтады. Бағаның салыстырмалы түрде төмен болуы отын­ның заңсыз жолмен сыртқа шығарылуына түрткі болып, ішкі нарықта жасанды тапшылық туындату қаупін арттырады. Баға деңгейін кезең-кезеңімен теңестіру осындай тәуекелдерді тө­мен­детіп, ішкі нарықты тұ­рақ­ты қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді. Бұл қадам кө­леңкелі айналымды азайтып, нарықтағы ашықтықты арттыруға ықпал етеді.

Ал сарапшы Ерлан Жаукин әкімшілік реттеу ин­вес­тициялық мүмкін­дік­терді шектейтін фак­тор­лардың бірі екенін алға тартты. Қазір еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, өндірістік қуатын кеңейту, жаңа технологияларды ен­гізу маңызды міндет саналады. Бұдан бөлек, төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де күн тәртібінде тұр. Мұндай ірі жобаларды іске асыруға ұзақмерзімді, экономикалық негізі бар, түсінікті әрі болжамды баға жүйесі қажет.

л

Сала мамандарының па­йы­мынша, нарықтық тетік­тердің дамуы мұнайды терең өңдеу деңгейін арт­тыруға жол ашады. Бұл отын сапасын жақсартуға, жаңа тех­но­логияларды енгізуге, өн­ді­рістің тиімділігін көте­ру­ге ықпал етеді. Инвес­тиция­лық ахуалдың жақ­саруы инфра­құрылымды жаң­ғырту­ға серпін беріп, ішкі нарық­тағы сұранысты толық қамта­масыз етуге мүмкіндік туғы­за­ды. Бұл өзгерістер елі­міздің энергетикалық қауіп­сіздігін нығайтуға негіз болады.

Энергетикалық тәуел­сіздік мәселесі қазіргі жағ­дай­да ерекше маңызға ие. Ішкі өнді­ріс­тің тұрақ­ты дамуы сыртқы нарық­тар­ға тәуелділікті азайтып, экономиканың тұрақ­ты­лығын арттырады. Жанар-жағармаймен үздіксіз қамту өндіріс, көлік, ауыл шар­уашылығы секілді негізгі салалардың қалыпты жұ­мыс істеуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан баға қалып­тастыру тетіктерін жетіл­ді­ру тек салалық мәселе ғана емес, жалпы ұлттық эконо­ми­каның тұрақты дамуына әсер ететін фактор, дейді сарапшылар.

Мамандар мо­раторий мерзімі аяқталғаннан кейін нарықтық баға қалыптастыру қағидатына көшу мәселесін де көтерді. Ашық әрі эко­но­микалық тұрғыдан негіз­делген жүйе нарық қатысу­шы­ларына түсінікті ережелер қалыптастырып, ұзақ­мерзімді жоспар құру­ға мүмкіндік береді. Бол­жам­дылық дең­гейінің артуы ин-весторлар үшін тартым­ды­лық­ты күшейтіп, жаңа жобал­арды іске асы­руға жол ашады.

Бағаны кезең-кезеңімен өзгерту қажеттігіне ерекше мән берілді. Сарап­шы­лар әлеуметтік тұрақты­лық­ты сақтау басты басым­дық­тардың бірі болып қала беретінін жеткізді. Нарықтық тетіктерге көшу үдерісі халықтың табыс деңгейі мен экономикалық ахуалды ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай тәсіл бағаның күрт құбылуына жол бермей, тұтынушыларға қолайсыз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, жанар-жағармай нарығында еркін баға қалыптастыру тетіктерін енгізу мұнай өңдеу секторын жаңғыртуға, инвестиция тартуға, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бере­ді. Бұл бағыттағы қадам­дар экономиканың орнық­ты­лығын қамтамасыз етуге, ішкі нарықты тұрақты жа­нар-жағармаймен қамтуға негіз болады. Ал әлеуметтік теңгерімді сақтау мәселесі басым бағыт ретінде қала бермек.

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53

Өндіріс дамуының өзегі

Өндіріс • Бүгін, 08:43

Шығыны аз, шығымы мол

Аймақтар • Бүгін, 08:40