Banner
Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
207 материал табылды

Қылмыс • 30 Желтоқсан, 2025

Есірткі қылмысымен күрес тоқтамайды

Жуырда облыс орталығында полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғынын ұстады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп жүргізген іс-шара барысында оның жалдамалы пәтерінен «эфедрон» деп аталатын психотроптық заттың 123 грамы тәркіленді.

Өнер • 27 Желтоқсан, 2025

Ғарышты әнімен тербеген

Қазақ аспанын қақ жарып, Қызылорда, Жезқазған даласын жүректі жарардай солқ еткізіп, Байқоңырдан алып ғарыш кемелері мен зымырандар ұшырылып жатса да жердің иесі, елдің егесі қазақ халқына ешқандай қатысы жоқтай көрінетін. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Байқоңыр мен сол аумақтағы елді мекендерді дамыту қолға алынды. Байқоңырдың атауы да тек 1995 жылы қайтарылды, оған дейін Ленинск деп аталатын.

Өшпес даңқ • 26 Желтоқсан, 2025

Соғыстың соңғы солдаты

Қожатай Некібаев (шын есімі Сейітқожа) ақсақал осыдан үш жыл бұрын, 97 жасында өмірден өтті. Ол – солтүстікқазақстандық қазақтар арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың ең соңғы солдаты еді.

«Таза Қазақстан» • 23 Желтоқсан, 2025

Баршаны біріктірген жоба

«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктірсін», деген еді Президент Қ.Тоқаев биылғы сәуір айында болған «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөйлеген сөзінде.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025

Адал еңбекпен шыңдалған

Тоқсанға толған адамның жады мықты, жан-дүниесінің жасаң, жүріс-тұрысының жеңіл болу себебі неде деген сұрақты 90-ға толып отырған ширақ ағамыз Тілек Әйтімұлы Әбдірахмановқа қойған едік.

Руханият • 06 Желтоқсан, 2025

Қай істің де келісіп шешілгені жөн

2023 жылдың күзінде Солтүстік Қазақстан облысында аса ірі рухани іс-шара болды. Оған Алматыдан, Астанадан белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Мұнда 1918 жылы Петропавл уезі Аққусақ болысында Алаш қайраткерлерінің қазақ жастарынан әскер жинап, халықтың өзін-өзі қорғауына мүмкіндік тудыруына арналған жиынын аталып өтті. Жиын «Қызыл ой» деген жердегі Әлти қажының қыстауында болған. Оған өңірдегі 22 болыспен қатар Көкшетау, Қостанай жағынан да атпен, арбамен қазақтар жиылып, шамамен 10 мыңдай адам келген.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025

Көш көлікті болсын десек...

Солтүстік Қазақстан облысына биыл 1 928 адамды қамтыған 499 отбасыдан тұратын қандас пен қоныс аударушы көшіп келген. Соның 155-і – қандастар. Бұл былтырғымен салыстырғанда аз. Өткен жылы жалпы 2 547 адам көшіп келген еді. Биыл осы көрсеткіш 619 адамға азайып отыр.

Қылмыс • 02 Желтоқсан, 2025

Алаяқтар ұсталды

Адамның аты-жөнін атап тұрып: «Сіздің атыңызға пош­тамен сәлемдеме келіп түсті. Тезірек алмасаңыз, әрбір сақталған күнге ақы төлейсіз», деп қуанта әрі үркіте сөйлеп, психикасын әлемтапырақ қылған алаяқтар одан әрі ес жиғызбай: «Сізге жіберілген төрт санды sms кодты да бізге айта салыңыз», деп дігірлейді. «Сәлемдеме» дегенге қуанып қалған адам sms-ті айта салуды қиынсынбайды. Міне, осы сәтте ол алаяқтың арбауына түсті деген сөз.

Зерде • 18 Қараша, 2025

Қапаста қалған офицер

Қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарының бірі – қазақтан шыққан алғашқы кеңес офицерлерінің бірі Ахмет Малдыбаев. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Тауағаш ауылында дүниеге келген. Арғы атасы Айбас, одан Құртай, Көбек, Байсүгір, Жансүгір, Бәйтерек, Қаржау деген алты ұл туады. Осындағы Көбектен Малдыбай мен Байсымақ туған. Малдыбай батыр тұлғалы, жаужүрек, өткір жан болыпты. Етті де сол кездегі қазақ салтымен мол жейді екен. Бір тайдың етін бір өзі тауысқаны сияқты аңыздар бар. Оның Баймағанбет, Құлмағанбет, Досжан және Мұқан деген балалары болған. Малдыбайдың Құлмағанбетінен Сәду, Сейтен, Молдақай және 1896 жылы Ахмет туады. Біз әңгіме еткелі отырған Ахметтің ата-тегі осындай.

Зерде • 14 Қараша, 2025

Солтүстіктен шыққан екінші «нарком»

Қуғын-сүргін жылдарында мерт болған Қызылжар өңірінен шыққан бірінші «нарком» Смағұл Сәдуақасұлы болса, екіншісі – Біржан Манкин. Бұл кісінің есімі өзге түгіл өзінің жерлестеріне де таныс емес. Өйткені жас кезінен үлкен қызметтермен жүрген ол еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет істеп, туған жерімен байланысын үзіп алған. Жуырда жерлесіміз, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астанадағы филиалының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Мұқанованың жариялаған материалдарының негізінде біз ол туралы жазуды қолға алдық.

Яндекс.Метрика