Мәдениет • 14 Желтоқсан, 2025
Жалындап келіп жарқырап жүрген өнерпаз
С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстанның Қазақ сазды драма театры бүгінгі таңда облыстың тамаша мәдениет ошағы болып отыр. Өзі де тамаша, ұжымы да тамаша орда халықаралық және республикалық өнер сайыстарының жүлдегері болып келеді. Жуырда ғана Түркістанда болған театрлар арасындағы фестивальда С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатын» көрсетіп, бас жүлдені алып келді деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Желтоқсан, 2025
Петропавлда ұры сауда үйін тонап, өртеп кеткен
Петропавлдағы «Галактика» сауда үйінде таңғы сағат бес кезінде өрт шығып, ол электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған шығар деген болжам жасалған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2025
Желтоқсан оқиғасы кезінде зардап шегіп, кейін сол жараның кесірінен өмірден ерте өткен солтүстікқазақстандық боздақ Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған волейбол туранирі Петропавл қаласында жыл сайын өткізіліп келеді деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2025
Петропавлдың «Береке шағын ауданындағы «Норд-Агрохим» кәсіпорнына интернет орнату кезінде көтеріп тұрған бесік үзіліп кетіп, алты метрдей биіктен құлаған 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ширек ғасыр мерейтойын атап өтті
Бұрнағы күні Қызылжарда С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ашылғандығына 25 толған мерейтойы аталып өтті. Оған өнер ордасының тұңғыш режиссері Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек бастаған театр шымылдығын алғашқы болып ашқан өнерпаздар, одан бері де біраз жылдар қызмет істегендер және жалпы өнер сүйер қауым тегіс жиналды деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қараша, 2025
Биыл шілде айында Қызылжар қаласына кіреберіс күре жолда «Ботай» ескерткіші ашылды. Бұл жылқыны алғаш рет адамзат баласы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қолға үйреткеніне қойылған ғасырлық ескерткіш. Авторлары М.Садықов, А.Нартов және Ж.Бауырқан деген мүсіншілер. Жалпы, ескерткіштің идеясы тамаша, онда жер шарында барлық елден бұрын Қазақ жерінде ат құрықталғанын көрсетіп тұр, дейді Egemen.kz.
Құрылыс • 26 Қараша, 2025
Петропавлда бей-берекет құрылыс тоқтамай тұр
Петропавлда құрылыспен айналысатын кәсіпкер А.Беспалов қала орталығындағы «Назарбаев» көшесінде көп қабатты үйдің құрылысын жақын қоныстанған тұрғындардың қарсылықтарына, жобалық-сметалық құжаттарының бекітілмегеніне, техникалық бақылаудың болмауына қарамастан бастап кетіп, бірнеше қабатын көтеріп қойған деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Көкшетау-Петропавл трассасында ірі жол апаты болды
Бүгін таңертең республикалық «Көкшетау-Петропавл» трассасында DAF жүк машинасы мен Hundai жеңіл машинасы бетпе-бет соғысып, үлкен апат болды. Оқиға осы трассаның бойындағы «Рублевка» ауылының тұсында болған деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
Айыртау ауданындағы бір мектепте оқушылар тұмаудың салдарынан қашықтан оқытуға ауыстырылды. Енді олар 3 желтоқсанға дейін мектепке келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында күн сайын 200-ден астам тәртіп бұзылады
Солтүстік Қазақстан облысында Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Юрий Клыковтың айтуына қарағанда соңғы 6 күнде 1400 рет Жол тәртібі бұзылған. Бұл күніне 233 рет тәртіп бұзылған деген сөз деп хабарлайды Egemen.kz.