Алайда өрт тиген сауда орындарының ішінде зергерлік шеберхананың айрықша отқа оранғаны полицейлердің назарынан тыс қалмады.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият тексергенде бір адамның осы зергерлік шеберхананың алдында көбірек тұрғаны және артынан сауда палаткаларының біріне әлдебір затты мұқият тыққаны түсіп қалған екен. Өрт осыдан кейін шыққан.
Полицейлер әлгі сауда палатасын тексергенде оның өрт алмайтын бөлігіндегі темір жәшікке құны 1 млн теңгеден астам зергерлік бұйымдардың жасырылғаны белгілі болды. Сөйтіп, сауда үйіне қасақана өрт салып, ұрлаған заттарын кейін алуды жоспарлаған 32 жастағы петропавлдық ұсталды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында бейнекамералардың көмегімен 800 қылмыс, оның ішінде 208 ұрлық ашылған.
ПЕТРОПАВЛ