
Тарих • 19 Маусым, 2022
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың кешегі Қызылжар қаласына тікелей қатысы бар. Аты алғаш шыққан жоңғарлармен болған шайқаста ол Төле бидің қосындарымен келіп, Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдан бата алып, жоңғардың бас батыры Шарышпен жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткенін, сосын қалың қолға рух беріп, «Абылайлап» жауға шабатынын бәріміз білеміз.
Аймақтар • 10 Маусым, 2022
СҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртеніп кетті
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан ішінде жүргізуші мен төрт жолаушысы бар автокөлік өртеніп кетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Маусым, 2022
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына және Мемлекеттік Елтаңба авторы, көрнекті сәулетші Шота-Аман Уәлихановтың 90 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – елдіктің символы» атты республикалық конференция Петропавл қаласындағы ең үлкен сарайда өтті.
Экология • 07 Маусым, 2022
Биыл шілдеден бастап Батыс Қазақстанда «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова аталған өңірге жұмыс сапары кезінде айтты.
Аймақтар • 07 Маусым, 2022
Есімі алты Алашқа белгілі ақын, қазақ әдебиетінің жаңа замандағы іргетасын қалаушылардың бірі Ғалым Малдыбаевтың туғанына осы күндері 120 жыл толып отыр. Осыған орай Петропавл қаласындағы орталық көшеде ақын қызмет істеген «Солтүстік Қазақстан» газетінің бұрынғы ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.
Экономика • 01 Маусым, 2022
Жоғары технологиямен жұмыс істейтін зауыт
Петропавл қаласында бір кезде шағын литражды двигательдер (ШЛД) зауыты бар еді. Оның өнімдері елімізге және көршілес Ресейге жеткізілетін. КСРО-ның экономикалық жүйесі үзілгеннен бері сол зауыт тоқтап қалып, аумағын күл-қоқыс басып кеткен. Әйтеуір жері сатылып кетпей, аман қалған екен. 2019 жылы осы аумаққа еліміздегі аса ірі, құрамында 30-ға жуық кәсіпорыны бар электртехникалық өнімдер өндіру мен электрмонтаждық жұмыстар атқаратын «Алагеум электрик» холдингтік компаниясы келіп, өзінің өнімін жасайтын «Петропавлдың электртехникалық зауыты» атты кәсіпорынның құрылысын бастаған болатын.
Қоғам • 01 Маусым, 2022
Петропавл қаласының тұрғыны Марат Нығыметов 54 жасында қаладағы байырғы спорт мектеп-интернатына түсіп, биыл бітіргелі отыр. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының олимпиадалық резервінің мектеп-интернаты аталатын бұл оқу орны жаттықтырушы-оқытушы мамандарын даярлайды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2022
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада облыс басшылары, Нұр-Сұлтан, Қостанай қалаларынан келген және жергілікті ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Солтүстік Қазақстан және Алаш» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2022
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа кірпіш зауыты ашылады деген әңгіме осыдан екі жыл бұрын басталған еді. Зауыт Қызылжар ауданындағы Подгорное ауылында салынады және бөлінетін инвестиция көлемі 1 млрд теңгені құрайды деп болжанған. Өндіріс қуаты тәулігіне 150 мың кірпіш өндіруге жететіні және 150 адамға жұмыс орны ашылатыны да айтылған. Бірақ бұл кезде қатты өршіп бара жатқан індет аяққа тұсау салып, жұмыс қарқыны баяулап қалған еді.
Референдум • 30 Мамыр, 2022
Саяси науқанның маңызы түсіндірілді
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс тұрғындарымен кездесті. Ол алдымен Оқушылар сарайында болып, облыстың түрлі саладағы кәсіпкерлері, шаруашылық басшыларымен кездесті.