Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1731 материал табылды

Аймақтар • 14 Сәуір, 2022

Өрт қаупі сейілмей тұр

Биылғы көктем солтүстікке кенеттен келді. Наурыздың 30-ынан бастап ауаның температурасы күндіз үнемі нөлден жоғары болды. Басқа жылдарда бұл көрініс 9-10 күннен кейін ғана болатын. Жылы күннің әсерінен қар да тез еріді. Ал соңғы 4-5 күн бойы Петропавлда бір қара дауыл соғады да тұрады. 6 сәуірде түн ортасында себелеп жаңбыр жауған, содан бері құрғақ. Енді екпіндей соғатын мына қара жел бәрін құрғатып, оның үстіне өрт қаупін үдетіп тұр.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Жардан құлап, жазым бола жаздады

Есілдің жағасына табиғатты тамашалауға келген қала тұрғыны опырылып кеткен жардан құлап, жарақат алды. Ол шамамен 30 метрдей биіктен құлаған.

Қоғам • 10 Сәуір, 2022

Тұтынушы құқығы қалай қорғалады?

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымызда әлі де өзекті мәселе. Халықты алдау, сапасыз тауарды өткізіп жіберу немесе сатып алынған заттың кепілдік мерзімі аяқталмай бұзылып қалуы, ал оның ақшасын қайтармай тұтынушыны әуре-сарсаңға салу – Кеңес дәуірінен бері қалмай келе жатқан бір кесіріміз.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2022

Көктем көркімен келді

Солтүстіктің көктемі биыл жайлы болып тұр. «Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» деген мәтелге сай қар түстен кейін еріп жатты. Тек соңғы күндері күн шақырайып шықпаса да, ауаның тепературасы 17-18 градусқа дейін жылынып, көптеген елді мекендегі қар тез еріді. Гидрометтің хабарлауына қарағанда, даладағы қардың да жартысынан астамы еріп кеткен. Бірақ кейбір түндер ызғырығын көрсетіп, кейде 15-16 градусқа дейін төмендеді.

Қоғам • 06 Сәуір, 2022

«Көкек» әйел мұхит асыпты...

Бұрын Петропавл қаласының тұрғыны болған Қазақстан азаматы болып есептелетін Людмила Борщева (есімі өзгертілген) деген 40 жастағы әйел 12 жастағы ұлы мен күйеуін тастап, Ресейге кетіп қалады. Аналық сезімін жоғалтқан «көкек» әйелге шырылдап қалған естияр баласын тастау еш қиындық тудырмаған.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2022

Алаңдауға еш негіз жоқ

Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Оның салдары екі елмен де бір тудың астында болған елімізге де оңай тиіп жатқан жоқ.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2022

Еңбегімен ел құрметіне бөленген

Ондай адамдар көп қой десек те, Солтүстік Қа­зақстан облысының бүгінгі абызы Жақсылық Ысқақовтың елге сіңірген еңбегі тіпті айрықша. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады», деп атап айтты. Осы қасиеттердің бәрі де Жә­кең­нің бойынан табылады. Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Қызылжар мен Тимирязев аудандарын ашып, өз қолымен қадасын қағып, одан Шал ақынның бір кезде облыстағы ең үздік аудан болуына өлшеусіз үлес қосқан Жә­кең 10 жыл бойы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып, ауыл ша­руашылығының өсуі мен өркендеуін жоғары деңгейге көтере білген жан. Кеудесіне Кеңестің Ленин орденінен бастап 5 орденді қадауы сол еңбектерінің өтеуі.

Қазақстан • 27 Наурыз, 2022

Дара тұлғаларды дәріптеді

Петропавл қаласындағы ең сәулетті сарайда «Ұлтын сүйген ұлылар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференция Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан атақты ақын-жазушылар – ұлтымыздың мақтанышы Ғабит Мүсіреповтің – 120, Сафуан Шаймер­деновтің – 100 және Кәкімбек Салықовтың 90 жылдық мерейтойларына арналды.

Аймақтар • 21 Наурыз, 2022

Жылу қалыпты жағдайда берілуде

Петропавлдың 1961 жылы пайдалануға берілген жылу-электр стансасының үш мұржасының бірі жарым-жартылай құлап, бір жұмысшы астында қалды деген әңгіме тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Наурыз, 2022

СҚО-да республикалық айтыс өтті

Қызылжарда республикалық ақындар айтысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.