
Аймақтар • 13 Ақпан, 2022
Интернет алаяқтықты қалай құрықтаймыз?
Қазір интернет арқылы алаяқтық қылмыс жасау өмір шындығына айналды. Бұған ешкім де таңғалмайды. Ең өкініштісі сол, құқық қорғау орындары оларды ұстауға дәрменсіз болып отырғанын мойындау керек. Ілуде бір алаяқтың ғана ұсталғанын естіп жатамыз. Өйткені құқық қорғау орындарында компьютерді жоғары сапада меңгерген мамандар аз. Тиісті мамандар құқық қорғау органдарының мардымсыз еңбекақысына бола полиция қызметіне бармайды. Интернет алаяқтықты банк операциялары арқылы жасайтындардың бұрын банкте жұмыс істегені даусыз, бірақ оларды құқын бұзбай қадағалауға алуға да полиция дәрменсіз.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2022
Бұлар бірге кетіп, бір жерден жоғалғандар емес, Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полициясы биыл ғана іздеу салып тапқан барлық бала саны.
Қазақстан • 09 Ақпан, 2022
Ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланатын жерді жекешелендіру жетілмеген жоба болды. Көптеген ауылдың тұрғыны өздеріне тиген жер үлестерін орынды пайдалана алмай, өзара бірігіп не шаруа қожалығын, не серіктестік немесе кооператив құра алмай, көрінген көк аттының пайдалануына беріп, олардан астық, жем, шөп сияқты келісілген пайларын ала алмай, дау-дамайдан арылмай жүр.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Волошинка ауылы үлкен тас жолдың бойында орналасқан. Жол-көлік оқиғасы осы Волошинка ауылында болып, ерлі-зайыпты екі тұрғынды Ford Focus автокөлігінің жүргізушісі 3 ақпанға қараған түні ауыл маңындағы жолда қағып кеткен.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Төтенше жағдайға төр бермеген жөн
Солтүстік Қазақстанда биыл шектен шыққан суық болмаса да кейбір күндердегі ылғалды ызғырық сүйектен өтеді. Қардың қалыңдығы да былтырға қарағанда жұқа. Солай болса да азаматтық қорғаныс жүйесінің қызметкерлеріне дамыл жоқ.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2022
Қызылжардың орталығындағы мешіттен өрт шықты
Бүгін таңертең Қызылжардың ортасындағы «Нұр» атты мешіттің асханасына іргелес ағаштан салынған шаруашылық құрылыста өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 01 Ақпан, 2022
Ауыл шаруашылығына жаңа көзқарас қажет
Солтүстікқазақстандық диқандар былтырғы қуаңшылыққа қарамай 3,5 млн тонна астық жинады. Бұл нәтижеге олар минералдық тыңайтқыштарды уақтылы сеуіп, сапасы жоғары тұқымды пайдалану және жоғары технологияны қолдану арқылы қол жеткізді.
Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022
Бюрократиядан арылмай, алға жылжу жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты тақырыпта сөйлеген бағдарламалық сөзінде нақты әрі орынды пікірлер қамтылды. Мемлекет басшысы елдің ішінде аяқтан шалып, Үкіметтің де, жеке адамдардың да, тіпті бизнестің де аяғына тұсау болып келе жатқан бюрократизмді жоюдың маңыздылығына айрықша тоқталды.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022
Бір жылда 2 мыңнан астам құқық бұзушылық жасаған
Өткен жылдың 12 айында СҚО-да мыңға жуық рейдтік іс-шара өткізілді. Түнгі рейдтерге ювеналдық полицейлермен бірге білім, денсаулық сақтау саласының өкілдері, криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2022
Қарқынды құрылыс халыққа қолайлы ма?
Былтыр 1 698 солтүстікқазақстандық «Отбасы банкі» арқылы жаңа үйге қол жеткізді. Осынша тұрғынның баспаналы болуы үшін банк 17,7 млрд теңгенің займын берген. Бұл – аталған банктің облыстық филиалы үшін рекордтық көрсеткіш.