Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
201 материал табылды

Пікір • 13 Маусым, 2024

Тарихи сана тағылымы

Үлкен ойшыл, ақын Шәкәрім Құдай­бердіұлы «Шыннан өзге Құдай жоқ, Анық Құдай – Шын Құдай, Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кiм Құдай?» деген екен. Ғұламаның бұл пайымын тәпсірлер болсақ, «құдай» деп отырғаны ақиқат. Соның ішінде шынайы білімнің ақиқаты. Қазіргі таңда қазақ қоғамындағы басты мәселе – білім пен ақпараттың орны ауысып кетті. Шәкәрім бабамыз айтқан «шын білім» көмескіленіп, ақпараттық дүниелер алға шықты. Бұл өте қатерлі құбылыс. Өйткені шын білім, ақиқат, нағыз ілім салтанат құрмаған қоғамның болашағы күңгірт.

Оқиға • 16 Мамыр, 2024

Қобда қазақтарының келіні

Шайзада Әбдірахманқызының Қобда бетіне келін болып түс­кеніне 45 жылдың жүзі бопты. Уақыт-ай деші... кеше ғана же­легі желбіреп 22 жасында алыс елге ұзатылған жас ару бүгінде жапырақ жайған бәйтерек сияқты үлкен әулеттің тірегіне айналды. Жақында ғана ел жаққа барған сапарымызда құлақ естіп, көз көрмеген бейтаныс өлкеге келін болып түсіп, жартығасырлық ғұмырында адамгершіліктің туын жықпай, ағайын арасында «керемет келін» атанған апамызбен тілдесіп, шүйіркелесіп қайттық.

Мирас • 04 Мамыр, 2024

Ши немесе тіз оқ

Ерте кезде қазақтар тіз немесе ши оқпен құс атқан. Бұл оқтың тіз немесе ши деп аталуына себеп, оқтың тым жіңішкелігі және қатты шиден жасалуына байланысты. Кәнігі мергендер мұндай ши оқтың төрт-бесеуін адырнаға қатар орнатып, бір деммен шашырата атқан.

Мирас • 02 Мамыр, 2024

Қол күші мен ақыл тоғысса, оқ мүлт кетпейді

Ұланбатыр қаласында «Ер жігіттің үш өнері» атты жеке­меншік компания бар. Бұл мекеме – ежелгі еуразиялық көшпелі ұлыс: сақ, ғұн, көк түркі дәуірі, одан кейінгі Шыңғыс қаған негізін қалаған Моңғол империясы тұсында қолданыста болған атыс қаруы – садақ түрлерін жаңғыртумен айналысады. Аталған мекеме басшысы көне қару-жарақ маманы әрі садақ атудан ұлттық дәргейлі мерген Төмөрхуу Батмунке мырза өткен Наурыз мейрамы қарсаңында халқымыздың салт-дәстүрін насихаттаумен айналысып жүрген «Qazaq-oner» ұлттық қауымдастығы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлға­лар бірлестігінің шақыруымен Қазақстанға келіп, Алматы мен Астанада көрме ұйымдастырды. Осы орайда моңғолиялық шеберге жолығып, көшпелілердің жауынгерлік өнерінің бір саласы – садақ қаруы хақында әңгімелестік.

Жәдігер • 30 Сәуір, 2024

Ғұн күймесі

Көзіқарақты қауым һәм маман тарихшылардың бәрі біледі, қазіргі қазақ халқы – әлем тарихына тұңғыш рет еуразиялық аумақта көшпелі империя құрған көне ғұндардың ұрпағы. Ақын Мағжан Жұмабаев «Ерте күнде отты Күннен ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам» дегенді бекер айтпаған болар.

Спорт • 22 Сәуір, 2024

Азия чемпионаты аяқталды

Өткен аптада Шымкент қаласында жалауын көтерген жамбы атудан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа сары құрлықтың 14 мемлекетінен келген 60-қа жуық мерген «Мажар», «Азия», «Түрік» стильдері, халқымыз­дың дәстүрлі жауынгерлік өнері жамбы ату бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады.

Жәдігер • 08 Сәуір, 2024

Алып кітап

Астана қаласындағы мәдени ошақтардың бірі – Қолжазбалар және сирек­ кітаптар ұлттық орталығының қорында салмағы 10 кило тартатын, ал көлемі 40х44,5 см, 408 беттен тұратын алып кітап бар. Бұл жәдігердің бағасына құн жетпейді. Өйткені бұл кітап ислам әлемінің үшінші халифасы Осман Аффанның тұсында жазылған.

Пікір • 03 Сәуір, 2024

Ұлық мерекенің мәні

Қайраткер тұлға Амангелді Айта­лының «Алтын Орда» газетінде (19 наурыз, 2009 жылы) жарияланған сұхбатында: «Отаршыл идеология 1 қаңтарды Жаңа жыл ретінде са­намызға терең сіңірді. Қазір көп­шілік халық 22 наурызды күткеннен гөрі 1 қаңтарға аса мән береді. Бұл – санаға сіңген дәстүрдің күштілігі. Енді осы қалыптасып, санаға сіңісті болып кеткен дәстүрді өмірден, психология­мыздан қалай шыға­рып, Наурызды тойлауға көше­міз?», деген еді.

Жәдігер • 31 Наурыз, 2024

Ғасыр толған құнды кітап

Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы (1889 - 1931) педагогика, психология саласынан құнды оқу құралдар жазып қалдырған. Соның бірі – 1924 жылы Орынборда 3500 тиражбен жарық көрген, 186 беттік «Тәрбиеге жетекші» (Бала оқытушыларға) атты кітабы. Бұл еңбекке биыл 100 жыл толып отыр.

Таным • 22 Наурыз, 2024

Ұлт тарихындағы ұлу жылы

Күнтізбелік есеп бойынша Ұлу жылы күллі ғаламның қақпасын ашып кірді. Бұл жыл туралы халқымыздың ауызекі фольклорында: «Аяңдап бесінші жыл ұлу келер, Сыпайы көңіліңе жылу келер, Маусымда берекесін мол ғып беріп, Көңілді жабырқатпай түзу келер» дейтін бір шумақ бар. Осыған қарағанда, жаңа жыл – жарқын күндердің бастауы, жақсылық пен жайлылықтың бекем тұрағы, береке мен бірліктің тұнық бұлағы болар деген үміт мол.