
Қазақстан • 21 Маусым, 2022
Қазақ жылқысы жершіл келеді. Өзінің туған топырағынан жыраққа кеткен немесе алыс жерге сатылған, я болмаса сыйға тартылған текті жануарлар барған мекенді жерсінбей қайта қашып келген оқиғалар жетерлік. Тіпті сонау жаугершілік заманда жаудың айдауында кеткен үйірін қайыра айдап, еліне аман-есен әкелген текті айғырлар жайлы да аңыз бар. Осы орайда еріксіз алысқа айдалып барған жерінен туған өлке, тума табиғатын аңсап, адамның табаны тимеген қия-жартас, ағысы қатты асау өзен, ұшы-қиырына көз жетпейтін құла дүзді кесіп өтіп, топырағына оралған жылқылар жайлы деректі – этнографиялық оқиғаларды ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 14 Маусым, 2022
Мұхаммед Әлимен ұшақта кездесу
Жуықта елорда төрінде орналасқан Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназияда үлкен ғалым, шәкәрімтанудың негізін қалаушылардың бірі әрі оқу ордасына есімі берілген көрнекті тұлғаны еске алу мақсатында «Рухы мықты ер қазақ» атты мәдени-рухани шара өтті. Бұған ғалым-ұстаздың ізін жалғаған ұл-қыздары келіп қатысты. Осы орайда, Қайым атамыздың өз кіндігінен тараған он баласының бірі – қазіргі күні ғалымның кіндік қаны тамған қарашаңырағында, Семей қаласында тұратын Қанағат Қайымұлына жолығып, бұрыннан бері көкейде жүрген мына бір оқиға жайлы әңгіме өрбіттік.
Қазақстан • 14 Маусым, 2022
Қазақта құсбегілік деген өнер бар. Оның негізі бір саласы – бүркітшілік. Соның ішінде қыран құсты баптап, аң қақтыру тәсілі. Кез келген аң бүркітке оңай алдырмайды. Оның да табиғи қарсыласу тәсілі болады. Қорқақ қоянның өзі қашып бара жатып үстінен бүркіт төніп келгенде інге кіреді, қуысқа тығылады. Немесе бүркіт шүйіліп келіп сыпыра бергенде, бұлт етіп, құстың үстінен секіріп кетеді. Егер қатты тар жер болса, бүркітті тас қаптырып, өлімге душар етеді. Еңіске қарай қашса, бүркітке тез тұтылатынын білетін қоян әлбетте өрге қарай қашады. Қоянды ұстау үшін де бүркітке өте ептілік керек.
Тарих • 14 Маусым, 2022
Ерте дәуірдің артефактілері табылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдени мұра ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Арал өңірінің солтүстік аумағына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, энеолит дәуіріне тән қырлы отщепа, пластиналар, яшмадан жасалған екі моншақ, энеолит және ерте темір дәуіріне тән керамикаларды тапты.
Руханият • 13 Маусым, 2022
Тектінің тұяғы, өнегелі әулеттен тараған жұрнақ Ахат Шәкәрімұлы 1992 жылы «Жұлдыз» журналының 11 – санына жарияланған «Менің әкем халық ұлы - Шәкәрім» атты мақаласында: «Қазақта екі «м» бар, бірі – «мақтан», бірі – «мансап». Мақтанбайтын, мақтанға мастанбайтын адам аз. Мақтанда тазалық, әділдік болмайды. Мақтаншақ – байысам, басқадан ассам дегізіп, арсыздыққа шейін апарады. Ал «мансап» – бұл «мансапқорлық», әкім болсам, барлығына өзім қожа болсам, бар адамды бір шыбықпен айдасам деген ең айуандық пиғылға апаратын, дүниені бұзатын кеселдің бірі. Бұлар адам баласының басын да қоспайды, адалдықты, адамгершілікті істетпейді» деп әкесінің аузынан өз құлағымен естіген сөзді жазыпты.
Тарих • 06 Маусым, 2022
Елорда төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде отандық білім берудің белгілі қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Советхан Игібаевтың жеке қорында сақталған құнды қолжазбалары мен өткен ғасырлар куәсіндей тарихи құжаттардың тұпнұсқасы және жеке өмір жолынан мәлімет беретін фотосуреттер жиынтығынан көрме ұйымдастырылып, экскозицияға қойылған жәдігерлер түгелдей архив қорына тапсырылды.
Сұхбат • 02 Маусым, 2022
Қазақ геральдикасының тарихы тереңде жатыр
Тәуелсіз жеке ел болудың бір сипаты – оның рәміздері. Осы орайда ұлттық геральдикамыздың тұғыры – мемлекеттік рәміздерді қолданудың құқықтың нормативін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты Геральдикалық зерттеулер орталығы құрылған болатын. Іске кіріскеніне бір жылдың жүзі болған аталған орталық қандай келелі істер атқарды және алдағы жоспары қандай? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін біз Геральдикалық зерттеулер орталығының басшысы Асылбек Байжұмамен әңгімелескен едік.
Қазақстан • 02 Маусым, 2022
Осыдан оншақты жыл бұрын, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында астаналық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков елорда төрінде студенттермен келелі кездесу өткізген еді.
Тарих • 31 Мамыр, 2022
Өткен жылдары жолымыз түсіп Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентіне ат басын тіредік. Бұл реткі сапарымызда уақыт тауып, аудандық әдеби-өлкетану музейіне бас сұқтық. Мекемеде өлке тарихына қатысы бар тұлғалар Қ.Сәтбаев, М.Көпеев, Ғ.Мұстафиндерге байланысты тың фотодеректер баршылық екенін байқадық. Көрме экспозициясын жағалай сүзіп келе жатып, қуғын-сүргін жылдарына арналған бөлімнен 1931-1932 жылғы алапат аштық жайлы жазылған 80 жол «Қара табан, қанды жол» атты толғауды ұшыраттық. Музей қызметкерлерінің айтуына қарағанда, бұл жыр бұрын ешқайда жарияланбаған.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы қаңтар айында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тарихымыздың ақтаңдақ беттері туралы, соның ішінде ХХ ғасырда орын алған екі дүркін алапат ашаршылық туралы атап өтіп: «Тарихымыздың осы ақтандақ беттері әлі күнге дейін жақ-жақты зерттелмей келеді. Тіпті ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды жинап, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек», деген еді.