
Әдебиет • 11 Мамыр, 2022
Майданда жазылған жорық жырлары
Қазақ руханиятында «Жыраулық поэзия» деген арнайы тақырып бар. Бұны ауызекі тілде «жорық жырлары» деп те айтады.
Тарих • 08 Мамыр, 2022
Жуықта елорда төрінде орналасқан Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейіне журналистік тапсырмамен барған сапарымызда көрме залынан қазақтан шыққан танкіші қыздар туралы жәдігерді көріп қалдық.
Тарих • 06 Мамыр, 2022
Қазақ мергендері 78 жылдан соң «Халық қаһарманы» атанды
Ұлы Отан соғысы басталғанына үш жыл толу межесіне орай «Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылғы 18 маусым күнгі санына Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің секретары Жұмабай Шаяхметовтің «Қазақ халқының жауынгерлік дәстүрі» атты мақаласы жарияланыпты. Бұл жазбада республика басшысы қан майданда ерлік көрсеткен қазақ ұландары Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин, С.Баймағанбетов, М.Байсов қатарлы Кеңес Одағы Батырларының ерліктеріне тоқталып, сонымен қатар майданда мергендігімен танылған қазақ жауынгерлері Төлеуғали Әбдібеков пен Ыбырайым Сүлейменов туралы да атап өтіпті.
Таным • 28 Сәуір, 2022
Бейбітшілікке қорған болған бітімгерлер
Өткен ғасырдың аяғында Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамында болған одақтас республикалар тәуелсіздікке ұмтылған елең-алаң жылдары әлем назарын аударған отты оқиға – тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыс еді. Биыл бұл оқиғаға 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты жақында елорда төрінде орналасқан Әскери-тарихи музейде «Ерлікке жетелеген жол» атты көрме ашылып, мыңға тарта әртүрлі жәдігер көпшілік назарына ұсынылды.
Таным • 26 Сәуір, 2022
Журналистің жеке заттары музейге тапсырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне қазақ телевизиясында 50 жылға жуық қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы қолданған заттары табысталды. Бұл іске бастамашылық танытқан қаламгердің зайыбы Қарлығаш Табулдинова екен.
Таным • 26 Сәуір, 2022
Мұсылман баласына тура жолды нұсқаушы, екі дүниенің сардары, Алланың адам баласына жіберген соңғы пайғамбары Мұхаммедке қатысты бүгінге жеткен құнды жәдігер көп емес. Десек те, Алла елшісінің хижраның 6-шы жылы (628 жылы) Византия империясының патшасы Ирақлиге жазған хаты сақталған.
Тарих • 19 Сәуір, 2022
АҚШ-тың Вашингтон қаласында 1921 жылдан бері тұрақты жарық көріп келе жатқан Science News атты журнал бар. Бұл басылымда ғаламды елең еткізерлік әртүрлі жаңалықтар жарық көреді. Жуықта журналдың электронды нұсқасынан ҚХР батысындағы Тарым ойпатынан археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған, ғұмыры 3000 жылдық жәдігер-шалбар жайлы айтылыпты.
Әдебиет • 13 Сәуір, 2022
Әрбір халықтың жазу-сызу тарихы және қолданатын әліпбиі бар. Қазақ халқы ХХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін араб графикасын қолданып келді. Осы әліпби арқылы кем дегенде 10 ғасырдан астам уақыт ұлттың тарихы, фольклоры, генологиялық шежіресі, мемлекеттік хат-хабар құжаттары жүргізілді. Петербор қаласында 1903 жылы жарық көрген «Россия» атты ғылыми журналда, «қазақтың дәстүрлі мәдениетін – тіл табиғатына, ой-пікірін жеткізе білу қабілетіне, бай ауыз әдебиетіне, өнеріне қарап бағалауға болады» деген тұжырым айтылыпты. Дәл қазір қолымызда бар дереккөзіне жүгінсек: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында қазақ фольклорының үлкен-кішілі 200 мыңдай нұсқасы сақтаулы тұр.
Тарих • 12 Сәуір, 2022
Жуықта ресейлік «Одноклассники» (OK.RU) атты әлеуметтік желіде мына бір фото жарияланды. Суреттің астына «Партизан қазақтар! Ерлі-зайыпты Ағаділовтер және қызы Мая. 1943 жыл» деп қысқаша анықтама берілген екен. Көзі қарақты оқырман Ағаділовтер жайлы тарихтан хабардар болар. Десе де, аталған фотобейнеге қатысты көмескі тартқан оқиғаларды тағы бір жаңғырта отырып, Екінші дүниежүзілік соғыста «Партизан қызы» деген атпен майдан тарихына еніп, көркем туынды кейіпкеріне айналған отбасы жайлы айтып өтсек артық болмас.
Өнер • 11 Сәуір, 2022
Қазақ халқында ежелден бері сүйектен бұйым жасау өнері бар. Атақты кескіндемеші Әбілхан Қастеев: «Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім» дегеніндей, қолында төрт түлігі бар көшпенді халық малдың сүйегін жібітіп жону арқылы, өрнек салу, сандықша қаптау, музыкалық аспаптарды әрлеу, ер-тұрман жиектеу, сәндік бұйымдарға шегелік жасау сияқты істерді жетік игерген.