Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
856 материал табылды

Тарих • 25 Тамыз, 2021

Ауған балаларының «анасы»

Сонау жылдары... нақтырақ айтқанда, Ауған елінде азамат соғысы жүріп жатқан (1979-1989 ж.ж.) тұс. Бейбітшілікті ту етіп, бұл елге Кеңес елі әскер кіргізді. Оның сыртында социа­листік лагерь атты қауымдастық қатарына біріккен мемлекеттер соғыстан зардап шеккен ауғанстандықтарға гуманитарлық һәм рухани жәрдем көрсету шарасын қолға алды. Соның бірі Моңғол Халық Республикасы еді.

Қазақстан • 23 Тамыз, 2021

Тәуелсіздік және демография

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өзінің Twitter парақшасы арқылы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетіп, 19 миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашқаны жайлы мәлімдеп, күллі жұртшылықты осы бір мерейлі қуанышпен құттықтаған болатын.

Руханият • 16 Тамыз, 2021

Болмысы бөлек қаламгер

Пенде баласында «болмыс» дейтін бар. Адам баласының табиғаты нені қалайды, сол – болмысы екен. Мысалы, орыстанған қазақпен бірге бір дастарқанда отыру маған қиямет. Неге, өйткені оны болмысым қаламайды. Одан да, маған айтсам сырымды ұғатын, тілімді түсініп, тілегіме қуат құятын, даланың иісі аңқыған қазақ қымбат. Болмысым солай.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2021

Зайсанда сапар орталығы салынады

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында «Шілікті» сапар орталығы салынады. Бұл туралы жуықта «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов пен Зайсан ауданының әкімі С.Зай­нулдин ортақ шешімге келді, деп хабарлады мекеменің бас­пасөз қызметі.

Әлем • 16 Тамыз, 2021

Ұлы ақын ұлықталды

Моңғол елінің астанасы – Ұлан­­батыр қаласында Қа­зақ­стан Рес­публикасы елші­лігінің ұйымдас­тыруымен қа­зақ­тың ойшыл тұл­ғасы Абай Құна­нбайұлының рухын ұлық­тауға арналған дөң­гелек үстел өтті.

Тарих • 10 Тамыз, 2021

Абдолла ханның күміс кіркесі

Жақында ресейлік сайттарда қазақ тарихына қатысты құнды жәдігер жарияланды. Тақырыбы «Абдолла ханның күміс кіркесі» делінген екен. Осы орайда «кірке деген не?» дейтін сұрақ ­туа­ры анық. Бұл атауды орысша – пайцза, моңғолша – гэрэгэ дейді екен. Ал қазақшасы – кірке.

Тарих • 05 Тамыз, 2021

Аманкелді батырдың портреті қалай салынды?

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 105 жыл толып отыр. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақа­ласында «Бостандық бізге оңай­лықпен келген жоқ. Ата-баба­ларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубет­терді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақ­тан-ұрпаққа берілуге тиіс» дегеніндей өткен ғасыр басында азаттық жо­лында атқа қонған аталарымыздың ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге болуы тиіс.

Тарих • 05 Шілде, 2021

«Астана аруы» – Інжу

Елорданың батыс жақ шетінде ор­наласқан Бозоққоныс-қала­шы­ғындағы ақсүйектер қорымына 2002 жылы жүргізілген қазба жұмысы барысындабіржарым метр тереңдікте ағаш табытқа салыпжерленген әйел адамның сүйегі табылған болатын. Бұл құнды артефактіні қазып алған археологтармәйітпен бірге табылған інжу тастардың көптігінеқарай оған «Астана аруы – Інжу» деген ат берген еді.

Тәуелсіздік • 05 Шілде, 2021

Тарих таңдаған елорда

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен қалалық архив мекемесі бірлесіп «Тарих таңдаған елорда» атты көрме ұйымдастырды.

Тарих • 23 Маусым, 2021

Июнь жарлығы

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа Ресей империясы дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар, дамымаған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.