Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
856 материал табылды

Сұхбат • 02 Ақпан, 2021

Амантай Кәкен: Бізде балалық дәурен болған жоқ

Ұлттық қауіпсіздік саласының құрметті ардагері, сонымен қатар қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, зерттеуші-қаламгер Амантай Кәкен өзінің еңбекқор, ізденімпаздығы мен ұлт руханиятына қал-қадерінше үлес қосқан тұлға. Әсіресе, өткен ғасырдың бұлғаққа толы, тар жол, тайғақ кешу жылдарында халқымыздың басынан кешкен қилы тағдыр, қиын күндері жайлы жазған: «Познание себя. К вопросу о несостоявшейся немецкой автономий» (1998 ж), «Түркістан легионы» (2000 ж), «Шырғалаң немесе тағы да неміс автономиясы туралы» (2011 ж), «Кремлевский колоброд...» (2013 ж) туындыларын былай қойғанда, жалынды ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір-тарихы мен саяси-қоғамдық іс-әрекеті жайлы архивтік құжаттарға сүйеніп жазған «Сәкен шындығын діттегенде» (1994 ж) зерттеуі және эссе-хикаят түрінде көркем баяндалған «Қазақтың Сәкені» (2004 ж) атты құнды еңбектердің авторы.

Оқиға • 02 Ақпан, 2021

30 жылдыққа арналды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты көрме ұйымдастырды.

Оқиға • 01 Ақпан, 2021

Жергілікті тілші

Кеңес дәуірінде қазақ қоғамының ба­ро­­метрі – «Социалистік Қазақстан» болды. Басылым мұндай атаумен 1937 жылдан бастап, 1991 жылға дейін шығып тұр­ды.

Таным • 29 Қаңтар, 2021

Ежелгі емшілік ілімін игерген

Қайрат Айдарханұлы – 1960 жылы Шыңжаң-Алтай өлкесі Жеменей ауданында дүниеге келген. Мамандығы – дәрігер. Қазіргі таңда елорда төрінде «Шипалы» атты емдеу-сауықтыру орталығын ашып, халыққа қызмет көрсетіп жүр. Бұл азаматтың басқа әріптестерінен ерекшелігі – қазіргі заманауи емдеу тәсілі мен байырғы қазақтың емшілік өнерін ұштастыра білуінде. Сонымен қатар емдеу тәжірибесінде ежелгі қытай медицинасы, тибеттік дауалау тәсілі, қазақтың тамыр ұстау әдісі қатарлы ежелгі емшілік дәстүрлердің бәрін ұштастыра қолдана алатын маман. Оның сыртында, қазақ халқының шипагерлік ілімін насихаттайтын: «Қазақ емшілігі», «Қазақ емшілігі: төрт түлік мал өнімдері», «Қазақ емшілігі: аң-құс, жәндіктердің емдік қасиеті», «Қазақ емшілігі энциклопедиясы» және екі томдық «Қазақ емшілігі: сақ, ғұн, түркі кезеңдері» сияқты алты кітаптың авторы. Осы орайда, ежелгі емшілік ілімін игерген дәрігермен жүргізген сұхбатты ұсынып отырмыз.  

Руханият • 28 Қаңтар, 2021

Қожа Хафиздің құнды еңбегі

Елорда төрінде орналасқан Қолжаз­балар және сирек кітаптар ұлттық орталығы өз қорында сақтаулы тұр­ған Қожа Шамсуддин Мұхаммед Хафиз Ширазидің парсы тілінде жа­зылған «Қожа Хафиз Ширазидің ғаза­лияттары» атты құнды еңбегінің онлайн таныстырылымын жасады.

Руханият • 22 Қаңтар, 2021

Ташкентте жарық көрген «Терме»

Елордада орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мекеме қорында тұрған құнды жәдігерлерді онлайн таныстыру шарасын өткізуде. Бұл жолы көпшілік назарында 1925 жылы Ташкентте жарық көрген «Тәрбие, білім, әдебиет жайындағы мақалалардан терме» атты кітап ұсынылды.

Таным • 21 Қаңтар, 2021

Алаш арыстарының Шәуешекке сапары

ХХ ғасырдың басында, 1917 жылы Орынборда жал­пы Қазақ құрылтайы өтіп, Алаш­орда үкі­метінің басқару органы Семейге қоныстанған­нан кейін, яғни 1918 жылдың көк­темінде ұлт қайраткер­лері Алаш қаласына жиналып ақыл­дасады. Мұндағы мақсат – шеттегі қазақтарға барып, олар­ға Алаш идеясын насихаттау. Басқосуға Абай мек­тебінің өкілдері – Көкбай Жа­на­т­айұлы мен Турағұл Абай­­ұлы және атақты балуан Қа­жы­­мұқан Мұңайтпасұлы қаты­сады (1-сурет).

Қоғам • 19 Қаңтар, 2021

Сұңғылалық сыры

Қазақта «сұңғыла» деген сөз бар. Бұл атау нені білдіреді дегенге тоқталсақ, 2013 жылы жарық көрген Қазақ тілінің үлкен түсіндірме сөздігінде: сұңғыла деп – зерек, зерделі, тез байқағыш, аңғарымпаз адамды айтады депті. Бұл пайым дұрыс әрине. Өйткені қазақ баласы басқа жұрттан осы сұңғылалық қа­сиетімен ерекшеленіп тұрады. Өзбек хал­қы­ның бірінші президенті марқұм Ислам Кәримов «қазақтан жолдасың болса, жол­дан адаспайсың» дегенді көп айтатыны сия­қ­ты, күллі әлем қауымдастығы Нұрсұлтан Әбішұлын бір ауыздан «сұңғыла саясаткер» деп мойындағаны тегін емес.

Руханият • 19 Қаңтар, 2021

Қазақтың қабілеті қандай болған?

Өте ертеден келе жатқан «Аязби» дейтін ертегі бар. Желі­сі мынадай: көне заманда Ма­дан  деген хан болыпты.

Оқиға • 18 Қаңтар, 2021

Генерал киген китель

Кеңес Одағының Батыры атағын үш дүркін иелен­ген даңқты ұшқыш А.И.Покрыш­кин «соғыс адам санын азайтады, есесіне батырларды көбейтеді» деген екен. Осы кісі айтқандай, 1941-1945 жылдары ғаламды дүрліктірген алапат соғыс қазақ ұлтына үш генерал сыйлады.