
Оқиға • 27 Маусым, 2024
Алматы маңында 4 адам жанып кеткен
27 маусымға қараған түні Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2024
Түркістан облысында терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, сондай-ақ Ішкі істер министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 25 Маусым, 2024
Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндері басталды
Бүгін Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды. Ең алдымен түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының «Ат исларин» шығармасына негізделген режиссер Арслан Еуебердиевтің «Истарян» көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Маусым, 2024
Президент Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәдігер • 25 Маусым, 2024
Қарағанды облысында сақ кезеңіне жататын темір қанжар табылды
Талды тарихи-археологиялық паркінде қазба жұмыстары қызу жүріп жатыр. Себебі қарағандылық ғалымдар мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың 120-дан астам студенті құнды әрі тарихи жәдіргерлерді анықтады, деп жазады Egemen.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойын ойнауға тыйым салынады
ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салуды енгізу туралы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс • 25 Маусым, 2024
Биыл 353 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында елімізде тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының биыл 1 млн-ға жуық ел азаматын жұмысқа орналастыру жөніндегі міндетінің орындалуы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Маусым, 2024
Астанада садақ атудан халықаралық турнир өтеді
27 маусымда басталатын «Астана Гран-приі» III халықаралық турнирі 3 шілдеге дейін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 24 Маусым, 2024
Түркітанушы ғалымдар Махмұд Қашқари мұрасын талқылады
Бүгін, 24 маусымда Қырғызстан астанасы Бішкекте «Түркі әлемінің ортақ мұрасы «Диуани лұғат-ат-түрктің» 950 жылдығы» атты халықаралық конференция өтті. Аталған іс-шараны Түркі Академиясы Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының қолдауымен ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 20 Маусым, 2024
Тасқын кезінде бірлік пен қамқорлықтың не екенін түсіндік - ақмолалық ерікті
Биылғы су тасқыны салдарынан елдің 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Бұл - көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат. Осынау қиын-қыстау кезеңде халықтың бір жұдырықтай жұмылғаны біршама қайғылы оқиғаның алдын алды. Болары болды, тасыған су жерге сіңді, жан-жаққа ағызылды. Уақыт өте келе бәрі қалпына келетіні белгілі. Алайда халықтың кезекті «дағдарысқа» ұшырауы әп-сәтте естен кете қоймас. Баспанасыз, киім-кешек пен азықсыз, малы мен мүліксіз қалған азаматтарға керегі - жылулық.