Мәдениет • 25 Маусым, 2024

Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндері басталды

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды. Ең алдымен түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының «Ат исларин» шығармасына негізделген режиссер Арслан Еуебердиевтің «Истарян» көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндері басталды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Салтанатты ашылуға екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, шығармашылық және ғылым саласындағы зиялылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов өз сөзінде Мақтымқұлы Пырағының айшықты орынын атап өтіп, оның рухани мұрасы күллі түркі әлеміндегі достық пен бейбітшілікті насихат ететінін атап өтті.

Айта кетейік, ертең мәдениет күндері аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың «Мақтымқұлы» кітабының тұсаукесері өтеді. Сол күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Түрікменстанның халықтық қолданбалы өнері мен мұражай құндылықтарының көрмесі және гала-концерт өтеді.

Сәрсенбіде режиссер Хекім Алавовтың «Қызыл алма» көркем фильмінің көрсетілімі, «Ақылгөй» моноспектаклінің қойылымы және Түрікменстан ұлттық киімдерінің көрсетілімі өтеді.

27 маусым күні екі елдің өнерпаздары гала-концертте өнер көрсетіп, мәдениет күндерін аяқтайды.