
Абай • 01 Қыркүйек, 2021
Елдегілер неге жар салмайды деген ой келеді. Ақпарат селі сәт сайын шайып тұрған мынадай заманда ондай құндылықтар қақас қалды, бәлкім. Биыл Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітіне – 170 жыл. Шалкиіз жыраудың «Бір жақсымен дос болсаң, азбас-тозбас мүлкі етер» дегені Құнанбай мен Алшынбай арасындағы достыққа келетін шығар, тегінде. Қарқаралыға жолы түскендер соқпай кетпейтін екі орын болса, бірі – сол мешіт. Жалғыз орын болса және өзі. Әдеби, мәдени, тарихи, киелі, қасиетті деңіз – барлығына жараса береді. Сөйте тұра бір басына мәселесі де жетеді мешіттің... Бүгін шешпегенде қашан? Біз бірақ оның шетін қылтитамыз да, жөнімізге кете береміз.
Руханият • 27 Тамыз, 2021
Біз бұл туындыны бұлдап бергелі отырмыз. Туынды қатардағы, жай дүние емес. Ел біле бермейтін суретші Берік Қарашолақов тоқыған Қасым Аманжоловтың бейнесі көзге оттай басылып, көңілге қонғандықтан солай дедік.