Тағзым • 13 Желтоқсан, 2025
Көз ілестірмей перне қуалатып, дауыс тудыратын саусақ деп ойлайсыз ба? Кеудедегі рух пен жүректің қуаты сияқты біздіңше. Күй аңызына айналған «Салтанаттың» авторы Төлеген Момбековті көргендер анандай томпиған саусақтарымен апырай осыншама ғажайып күй төгеді деп ешкім ойлай қоймас деседі. Сол Төлеген Момбековтің алдынан күй үйреніп, тәлімін алған шертпе күйдің шебері, ұстаз Рымхан Әбілханұлын еске алу кешінде оның күйшілігі мен кісілігі туралы көкейге қонарлық әңгіме көп айтылды.
Басылым • 10 Желтоқсан, 2025
Астанадан шалғайдағы ақындардың үні елордадан естіле бастады. Әдебиет пен кітапқа бетбұрыстың бір белгісі шығар, аймақтарда сөз ұстап, жырдың туын құлатпай жүрген ақын-жазушылардың кітаптары мемлекеттік тапсырыспен шығып, таныстырылымы Ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатқаны.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Бостандықты әйгілеген бозторғай жыр
Өткен аптаның жұмасы Астана төрінде көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Әуелі ақын рухына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық жыр мүшәйрасы қорытындыланып, салтанатты іс-шараға ұласты. Кешінде Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония залында «Дәриға дәурен» атты еске алу концертіне де халық көп жиналды.
Музей • 06 Желтоқсан, 2025
Біз халықтық, ұлттық өнерімізді бағалай бермейміз. Мүмкін бағаласақ та, соны көпшілікке үлкен сахнадан, эфирлерден заманауи машықта үсті-үстіне жеткізудің жолын үйлестіре алмай жүргендейміз. Бұлай деуімізге Астана қаласының бірлескен музейлер дирекциясына қарасты Өнер музейіне барғанымыз себеп болды.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
Тәржіме түпнұсқадан алыстамауға тиіс
Қазақ әдебиетіндегі кәсіби аударма Абайдан басталады дейді аудармашы, драматург Кенжебай Ахмет. Қазіргі аударма қандай болу керек деген сұраққа кіріспені осылайша бастады. Абай басқа заманда өмір сүрді. Аудармаларының көбінде «әлемде осындай әдебиет үлгілері бар» деп біріншіден ағартушылық бағытты көздесе, екінші жағынан аударған авторларымен іштей жарысқа түсіп, бәсекелескендей көрінеді. «Сен мына тақырыпты осылай жырлаған екенсің, мен соны дәлме-дәл қотара отырып, осылай қосар едім» дегендей мысалдарды аңғарамыз.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Адам рухы көтерілмей алшаң баса ала ма, білмеймін. Кісі баласын адам атты ардақты атқа жеткеріп, өнер мен мәдениет жасаушы тұлғаға айналдыратын сана-сезімі мен жасампаз рухы шығар. Ол да ананың әлдиі мен бесік жырынан басталған әдебиет атты ұлы арнадан қуат алып, жаңғырып тұрмаса әртүрлі замананың тосқауылы мен сын-елегінен әлсіреп, солғын тартады. Ондайда халық рухын тас қайраққа жанығандай рух беретін тұлғалар шығармасы көмекке келеді.
Руханият • 26 Қараша, 2025
Түркі музыка аспаптарының құдіреті
Астанада «Тамыр мен үн: түркі музыкалық аспаптарын жасау дәстүрлері мен заманауи шешімдер» атты халықаралық симпозиум өтті. Симпозиумды Астана қаласы әкімдігі мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры бірлесіп, «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалі аясында ұйымдастырды.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Осы аптада Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Анкарадағы штаб-пәтерінің салтанат залында «Олжас Сүлейменов. Масштаб. Планета. Жер» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кино • 18 Қараша, 2025
Отандық фильмдер – Ташкент төрінде
Ташкентте «Орталық Азия: ортақ рухани-ағартушылық мұра – ортақ болашақ» атты Халықаралық конгресс аясында Орталық Азия елдері мен Әзербайжан кино күндерінің салтанатты ашылуы өтті.
Театр • 15 Қараша, 2025
Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Ташкентте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұсынған «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Қойылым Орталық Азия аймағының мәдени өміріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды.