Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
268 материал табылды

Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Күрек пен жүректің орны...

Кей-кейде, қолым қалт еткенде өзіме жұмыс істей бастаймын. Атам «өзіңе құл болғаннан артық не бар?» деп отыратын көрінеді. Қазір ең қиыны да өзіңе уақыт бөлу сияқты сезіледі. Жұмыс, балабақша, мектепке бала тасу, әлеуметтік желі, қаланың қым-қуыт қарбаласы... Тіпті ұмыттырып жібереді кім екеніңді. Орындаушы болып әр іске бір жегілесің де жүресің. Бітіріп жатқаның да шамалы.

Әдебиет • 15 Мамыр, 2022

Қадырдың «Кәрі қыраны»

Биікке көтерілгенде қы­бырлаған құрттан жы­бырлаған жыланға дейін көретін қыранның көзі шалмайтын нәрсе жоқ де­седі. Жоғары көтерілген сайын жіті көреді екен. Аспандаған сайын қыбыр еткенді байқағанымен, ұсақ-түйекті елемейді. Сорғалап бәріне түсе бер­мей­ді. Майда-шүй­демен жұмысы жоқ. Ал адам ше? Адам да сондай болса ғой деп ойлайсың. Әдебиеттің көздегені де, көксегені де сол емес пе? Адамды асқақ, терең ойларға жетелеу.

Қазақстан • 06 Мамыр, 2022

Әзербайжан ақыны ұлықталды

Бауырлас әзербайжан халқының даңқты перзенті Ахмед Джавадтың туғанына биыл – 130 жыл. Қазақ даласында мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде, мемле­кеттік деңгейде аталып өткелі отырған Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов қандай ірі тұлға болса, көрнекті ақын, әзербайжан ұлттық әнұранының авторы, қызыл қырғынның құрбаны Ахмед Жавад та сондай тұлға. Осыны ескерген Ха­лықаралық Түркі академиясы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешенінде әзербай­жанның ұлттық ақыны Ахмед Жавадты және әзербайжандық сая­си репрессия құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өткізді.

Қоғам • 29 Сәуір, 2022

Ауылдың алтын қазығы

Олар – үлкен ортаның, биік мінбердің, мәдениеттің, саясаттың, экономиканың адамы емес шығар, бірақ елдің азаматы. Ең үлкен атау да осы сияқты, тіпті. Үлкен орта, мекеменің басшысы, бәлен-түген дегеннен гөрі ел іргесін, бүтіндігін ұстап тұрған, қажет жерінде қойдан жуас, қажет жерінде ауылдың айбар-сесіне айналатын ауылдың, елдің азаматтарынан артық емес сияқты маған.

Өнер • 20 Сәуір, 2022

Қасымханның «Қаракөзі»

«Қарамашы, қадамашы көзіңді» кімнің әні десе, Қасымхан Асанов деуі мүмкін үлкендердің. Жастардың біле қоюы екіталай. Бұл әнді Жүсекең – Жүсіпбек Елебеков, Қайрат Байбосынов, Мақпал Жүнісовадан кейін шырқаған әнші ілуде біреу. Гитараның сүйемелдеуімен Сейіл Аяған орындап жүргенін білеміз бертінде.

Қоғам • 18 Сәуір, 2022

Құрдым

«Біз жақта «жынды Аманбек» деген болды. Сорлыға бақ қонбады, өлең қонды» деп басталар еді Есенғали Раушановтың бір өлеңі. «Бақ қонбады, өлең қонды» дегеніне қарағанда, ол шіркін өзіне азап екені емеурін етілетіндей. Тура сол сияқты біздің ауылда Смағұл атты кісі өтті. Бала болсақ та шет жағасын білеміз. «Смағұл келе жатыр» десе, ауыл адамдарының көбі үйді-үйіне тығыла бастайтын немесе жылыстап басқа жаққа кете баратын.

Қазақстан • 18 Сәуір, 2022

Қадым заманғы қолжазбалар таныстырылды

Нидерландтағы Лейден кітапханасынан алынған Сәйф Сарайдың «Гүлстаны» (ХІV ғ.), Венадан табылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» (ХІ ғ.) дастанының көшірмесі, Франциядан алынған «Дафтар Шыңғыс Нама» (Париж тізімі), тағы басқа қолжазбалар немесе олардың көшірмесі өткен аптаның соңында «Ұлы дала тарихының жазба мұрасы» көрмесіне қойылды. Араб, парсы, түрік, шағатай тіліндегі қолжазбалар мен сирек кітаптардың қай-қайсысы болсын ұлт мәдениетінің алтын тамыры іспеттес құнды дүниелер.

Әдебиет • 14 Сәуір, 2022

Сағиды оқыған сайын...

«Гюгоның өлеңдері көбелектің қанатындай жеңіл» деген баға беріпті ақынды оқыған бір ғұлама. Гюгоның поэзиясын сүзіп шыққанда ақынның өлеңдері осындай сөз тудырған болады. Біздіңше үлкен баға сынды осы сөз.

Тарих • 12 Сәуір, 2022

Батырдың байрағы

Атақты «Қыз-Жібек» фильмінің әр тұсы, әр деталі мәнді дер едік. Кино басталғанда жау өтіне жөнелген қолдың алдынан шығып, хабарын білуге Жібектің өзін жібереді ғой әкесі. Ұрыс даласынан туы желбіреп Бекежан батыр келе жатпай ма жау түсіріп? Торсықтағы ақты басына көтере салып, «жеңдік» дейді. Осы жалғыз-ақ ауыз сөз дүниені дүркіретіп жібермеуші ме еді сонда? Ол бір десеңіз, оған дейінгі деталь да қолдың жеңіп келе жатқанынан хабар берер еді. Өйткені жорықтан келе жатқан батырдың туы жығылмай тік келе жатады.

Қазақстан • 10 Сәуір, 2022

Еуразия халықтарына ортақ тұлға

Онда Ресей Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев атап көрсеткендей, үлкен идея көтеріліп, тұтас қоғам қалыптастыруда орасан еңбек сіңірген М.Шоқай тек қазақ халқы және тұтас Түркістан ғана емес, Еуразия кеңістігіне ортақ тұлға деп танылды.