Қамбар Ахмет
Қамбар Ахмет
7 материал табылды

Сұхбат • 17 Мамыр, 2025

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: Ұлттық музей – тарих пен тағылым тоғысқан орда

Халықаралық музей күні – адамзаттың мәдени мұрасын сақтап, ұрпаққа аманат ету жолындағы асыл мұраттарды дәріптейтін мереке. Осы күннің қарсаңында еліміздің рухани-мәдени өмірінде айрықша орны бар Ұлттық музейдің тыныс-тіршілігі, саладағы жаңа бастамалар жөнінде аталған мәдениет ордасының басшысы Берік Әбдіғалиұлымен сұхбат құрдық.

Сұхбат • 09 Сәуір, 2025

Марат Қарабаев, Көлік министрі: Торғайда басталған жобалар тұтас өңірдің дамуына серпін береді

Мемлекет басшысы Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда Астанадан Торғай өңірі арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысы басталатынын айтты. Сонымен қатар Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салуды тапсырды. Осы ауқымды жобалар мен жол, көлік саласындағы басқа да маңызды мәселелерге қатысты сұрағымызды Көлік министрі Марат Қарабаевқа қойған едік.

Сұхбат • 28 Наурыз, 2025

Кая КАЛЛАС: Қазақстан – Орталық Азиядағы даму үдерісінің қозғаушы күші

Еліміз – Еуропалық Одақтың аймақтағы негізгі серіктестері­нің бірі. Арадағы сауда-экономикалық, инвестициялық байланыс кейінгі жылдары ерекше қарқын алды. Осы орайда елімізге сапарлай келген Еуропалық Одақ Сыртқы істер және қауіп­­сіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі және Еуропалық Ко­мис­­сия­ның вице-президенті Кая Калласпен сұхбаттастық.

Сұхбат • 01 Қазан, 2024

Ерлан Нысанбаев: Тұран жолбарысы қайта оралды деуге болады

Өткен апта еліміз үшін тарихи оқиғамен бас­талды. Ұзақ жылдан кейін Тұран топырағына жолбарыс қайта оралды. 2010 жылы осы аң түрін сақ­тап қалуды талқыла­ған алғашқы халықаралық форумда еліміз жабайы жырт­­­­­қышты өңірге әке­ліп жер­­сіндіруге дайын екенін мәлім­деген еді. 2017 жылы еліміз бен WWF International (Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры) арасында меморандум жасалып, соның негізінде арнайы бағдарлама әзірленді. Жоба аясында алаңы 415 мың гектар жерді қамтитын «Іле-Балқаш» резерватын құру, оңтүстік Балқаш маңы экожүйесін қалпына келтіру жұмысы атқарылды. Бұл істің еліміз үшін маңыздылығын Президент 2021 жылғы жаңажылдық үндеуінде атап өтті. Ал күні кеше Нидерланд елінен екі Амур жолбарысының жеткізілуі бағдарламаның маңызды кезеңі басталғанын көрсетеді. Осыған орай Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен сұхбаттасқан едік.

Сұхбат • 08 Маусым, 2024

Дархан САТЫБАЛДЫ: Мақсат – жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыру

Біраз жыл бұрын еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы өзге­ріп, Түркістан облысы құрылғаны белгілі. Қоңыртөбел тірлік кешіп жатқан қаланың бір күнде өңір орталығына айналуы, қоржыны тоқ мегаполистен бөлінуі бастапқыда тұрғындарды алаңдатқаны да рас. Алайда қайта құрылымдау дамуға тың серпін бергенін аймақтың бүгінгі келбеті айғақтап тұр. Осы ретте бүгінгі ілкімді істер мен алдағы межені білмек ниетпен облыс әкімі Дархан САТЫБАЛДЫНЫ әңгімеге тартқан едік.

Сұхбат • 13 Ақпан, 2024

Арман Исағалиев: Инвестиция саласына серпін беретін сапар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барып, екі елдің сая­си, сауда-экономикалық байланыстарын нығайтатын бірқатар маңызды кездесу өткізбек. Осы сапар қарсаңда еліміздің Қатар мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиевті әңгімеге тартқан едік.

Сұхбат • 23 Сәуір, 2023

Тамара Дүйсенова: Бұл құжат – Әділетті Қазақстанның жаңа әлеуметтік саясаты

Мемлекет басшысы 2020 жылы халыққа Жолдауында әлеуметтік қамтамасыз ету саласы 17 заң, ондаған актімен реттелетінін, бұл жүйесіздікке әкеп соқтыратынын айта келе, Үкіметке Әлеуметтік кодексті әзірлеуді тапсырған еді. Өткен аптада Президент аталған құжатқа қол қойды. Кодекс азаматтарды әлеуметтік қорғау саласына қандай өзгеріс әкеледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен сұхбатта осыған қатысты сұрақтарға жауап алдық.