Қоғам • 20 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген ардагерлермен кездесу өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады» тақырыбында мемлекеттік қызметте еңбегі сіңген ардагер жазушы қаламгерлермен кездесу өтті. Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, мемлекеттік қызметшілер, Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 20 Маусым, 2024
«Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды
Сенатта «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы болды. Онда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 20 Маусым, 2024
ШЫҰ жастары «Жасыл күн тәртібін» талқылады
Астанада «Экологиялық ортадағы жастар көшбасшылығы: ШЫҰ шеңберінде тұрақты болашаққа жол салу» тақырыбында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің XVII отырысы өтті. Ұйымдастырушы – «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 20 Маусым, 2024
Сенаторлар ғылым және мемлекеттік сатып алу туралы заңдарды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Маусым, 2024
Талдықорғанда ұландықтар жоғалған баланы тапты
19 маусым күні Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінің маңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне белгісіз азаматша жоғалған баласын табуға көмек сұрап келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Маусым, 2024
Елордада бірнеше автобус бағыты өзгерді
Бүгін Астанадағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобустың бағыты өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Маусым, 2024
«Мерейлі отбасы-2024»: Астанада қалалық комиссия отырысы өтті
Елордада «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 19 Маусым, 2024
Президент Киевте Қазақстан журналисіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Маусым, 2024
Қазақстанда тәуелсіз кассациялық соттар құрылады
Мемлекет басшысы 2023 жылы 12 қыркүйекте отандық бизнес өкілдерімен кездесуде дербес кассациялық саты құру мәселесі бойынша заңгерлер және кәсіпкерлер қауымымен консультациялар өткізу қажеттілігін атап өтті. Осыған орай заң жобасы аясында ҚПК, АПК, ӘРПК дербес кассациялық соттарды құруға байланысты тиісті түзетулер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.