Қоғам • Бүгін, 11:28

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда Жаңа жыл мерекесіне байланысты Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы 14 күнге уақытша жабылады, деп жазады Egemen.kz.

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

ҚХР аумағындағы бекет 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты аталған мерзімде «Қорғас» орталығы келушілер үшін толық жабық болады.

«Жаркент – Қорғас» жолы ашылды

Осы уақыт аралығында Қазақстан тарапы орталықтың өз жағындағы ғимаратында жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.

«Қорғас» трансшекаралық туристік аймағы құрылады

2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар