17 жастағы теннисші жекелей сында жасөспірімдер арасындағы Аустралияның ашық чемпионатының жартылай финалына шыққан Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды. Жаңартылған рейтингте Заңғар 12-орыннан 9-орынға көтерілді.
Сенсация: 17 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты
Өткен жылдың күзінде ол US Open Juniors турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еді. Бұған дейін ешбір спортшы жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің жартылай финалына екі мәрте шыға алмаған.
Осылайша, WTA, ATP және ITF Juniors әлемдік рейтингтерінің үздік ондығына енген үш Қазақстан спортшысы бар: Australian Open-ның жаңа чемпионы Елена Рыбакина – 3-орында, Александр Бублик – 10-орында, ал Заңғар Нұрланұлы – 9-орында.
Заңғар Нұрланұлы тарихи жеңіспен US Open жартылай финалына өтті