Саясат • 01 Қараша, 2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Үкімет • 31 Қазан, 2025
Қазақстан мен Марокко арасындағы келісім мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар еліміз бен Марокко Корольдігінің арасындағы қылмыстық істерге қатысты бірқатар заңды қарап, мақұлдады.
Форум • 30 Қазан, 2025
Павлодар облысында Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды өңірінің белсенді, іскер әйелдері «Ауыл әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты республикалық форумында бас қосты. Осынау іс-шара Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «Ауыл» партиясының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Атырауда батыстағы төрт өңірдің әйелдер қауымы жиналып, маңызды мәселелерді талқылаған еді.
Саясат • 29 Қазан, 2025
Еліміз 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болған соң, біртіндеп аймақтық, әлемдік ұйымдардың құрамына ене бастады. Бірқатарына төрағалық та етті. Елшілік, консулдықтармен қатар халықаралық ұйымдарда тұрақты өкілдіктерін ашты. Дипломатиялық миссияларды орындап, бітімгерлік жолға өз алаңын ұсынды. Сондай-ақ еліміз – Еуроодақтың Орталық Азиядағы басты серіктесі.
Сенат • 25 Қазан, 2025
Парламент Сенатында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған палата депутаттары мен аппарат қызметкерлері қатысты.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Елдікті айшықтаған ерекше құжат
Еліміздің өз алдына ел болғанын дәлелдейтін құжаттардың бірі әрі бірегейі – Мемлекеттік егемендік туралы декларация. Саяси құжаттың сипатын айқындайтын нақты бір құжат түрі қандай болу керек екенінен бастап, қандай заңдар қамтылатыны, Президенттің өкілеттілігі секілді мәселелерді енгізу сол кездегі заңгерлер мен қоғам қайраткерлеріне оңайға түспегенін қазір тарихшылар айтып келеді. Ең бастысы, бұл саяси құжат кеңестік заңдардың күшін жойып, тәуелсіздік жолына қарай бағыттады.
Саясат • 22 Қазан, 2025
Бауырлас елдердің байланысы нығая береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті қарсы алды. Екі ел басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң, Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, мемлекеттік әнұрандар шырқалды. Бұдан соң Мемлекет басшылары келіссөз залына өтті.
Әлем • 22 Қазан, 2025
«IQAir» швейцариялық компаниясы жыл сайын әлем елдерінің ауа сапасына зерттеу жасап, есебін жариялайды. 2024 жылдың есебіне сәйкес Финляндия – Еуроодақтағы ең таза ел. Оны әлемдік рейтингте тек Исландия ғана басып озды. Олардан бөлек, Эстония, Швеция, Аустралия үздік бестікке енді. Ал Қазақстанда ауа сапасы орташа деп бағаланып, еліміз бұл рейтингте 138 елдің ішінде 71-орында тұр.
Үкімет • 21 Қазан, 2025
Цифрлық елге айналу міндеттері байыпталған жиын
Еліміз орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект арқылы қол жеткізуі керек. Өйткені Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, цифрландыру ОДМ мақсаттарының негізгі индикаторларының 70 пайызына дейін қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл мәселе Сенатта өткен Орнықты даму саласындағы Ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның кезекті отырысында көтерілді.
Қоғам • 18 Қазан, 2025
Азаматтық қоғам – ел дамуындағы елеулі күш
«Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы» тақырыбында елордада өткен ХІІ Азаматтық форумда сарапшылар маңызды мәселелерді талқылады. Мәселен, сарапшылардың айтуынша, азаматтық қоғам Президент алға қойған парламенттік реформаның қалыптасуына белсенді қатысуы қажет. Сондай-ақ жалпыұлттық мәселеде бұл қоғамның рөлі ерекше. Осы орайда форум елімізде АЭС салу, экология, цифрлық даму, инклюзия, жастардың бастамаларын қолдау секілді мәселелерді ортаға салды.