Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
355 материал табылды

Басылым • 26 Қыркүйек, 2024

Жаңа кітап таныстырылды

Алтайдан әлемнің түкпір-түкпіріне қанат жайған қалың түрік баласы бауырластығын үзбей, бірлігін мық шегедей мығым сақ­тап келеді. Түбірлес елдердің қашанда тілегі бір, бағдары берік.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024

Физули феномені

Орта ғасырда араб тілі – ғылым тілі, парсы тілі – поэзия, түркі тілі жауынгерлік тіл саналды. Осы бір үдерістен болар, түркі ақындары шығармаларын парсы тілінде жаза бастады. Алайда қалыптасқан қатаң қағидатты бұзып, түркі тілінің даңқын асырған алып ақындардың бірегейі – Мұхаммед Физули. Шандоз ­шайыр мұрасы бүгінге дейін түркі әлемінің еңсесін биіктетіп, руханиятына шам жағып келеді.

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024

Табиғат аясындағы фотофестиваль

Табиғат пен өнер – егіз. Кез келген өнердің басы тұмса даланың әсемдігінен, таңғажайып таби­ғатынан бастау алады. Ал жұрт байқай бермейтін әр­бір сәулелі сәтті фотоға түсіру өзгеше қа­білетті қажет ететіні де дау­сыз.

Тұлға • 20 Қыркүйек, 2024

Ұлытау ұлары

Біздің кейіпкеріміз аласапыран ғасырдың қойнауында өмірге келді. Сондықтан да болар, ақын мінезі кемерінен асқан бұрқасынға, кейде тыныш түнгі теңізге ұқсайды. Еркіндікке ұмтылған, қамаулар қапталынан иен далаға көз қадаған бұғы секілді елестейтіні де бар.

Ән • 18 Қыркүйек, 2024

Мұнаралы «Алдай-ау»

Жүрек қозғалса, өнер тудырады. Фасттың тілімен айтсақ, «жүректен шықпаған жүрекке жетпейді». Халықтың көңіл түкпірінен орын алып, қошеметіне ие болған әннің бірі – «Алдай-ау».

Ұлттық спорт • 18 Қыркүйек, 2024

Көкпар – рух көрінісі

Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ кем шығар. Ұлттың рухы, күш-қайраты, мәрттігі көрінер жүректілер сайысының уақыт өткен сайын құны артып келеді. Қазаққа ғана тән сезілетін аз дүниенің бірегейі де осы өнер.

Таным • 18 Қыркүйек, 2024

Дүниетаным

Сірә, адам дүниетанымынан танылады. Әрбір оқу мен тоқу, іс пен әрекет, көру мен түйсіну дүниетаным атты мұхитқа құяды. Сол мұхит жеке тұлғаның өн бойына әмір жүргізеді. Тағдырына әсер етеді.

Қоғам • 17 Қыркүйек, 2024

Германиядағы «Қазан» бірлестігі

Сонау аласапыран жылдарда елімізге саяси ахуалмен қоныс аударған өзге этнос өкілдері аз емес. Оларға әрбір қазақ отбасы жылы алақанын тосты, қонақжайлығын танытып, мейірімін төкті. «Сыйға – сый, сыраға – бал» дегендей, сол бізбен тамырласқан азаматтар қазір қай қиырда жүрсе де, жұр­тымызға ізгі ниетін білдіріп келеді.

Таным • 13 Қыркүйек, 2024

Көшпелілер кеңістігіндегі Поло

Кейбір шығыс ғұламалары өмірін үш кезеңге бөліп қарас­тырады. Бірінші – оқу-тоқу, екінші – саяхатшылық, сапар шегу, үшінші – екі кезеңнен қорытқан дүниелерді қағазға түсіру. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген қазақ мақалы тегін айтылмаса керек.

Қоғам • 07 Қыркүйек, 2024

Ұлт ұстазы ұлықталды

Алаш мұрасы – ортаймас байлық, түгесілмес қазынамыз. Әр саланың іргетасын қалаған тұлғалар жылдан-жылға жаңаша зерделеніп келеді. Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының ұшан-теңіз еңбегі – елдік мақтанышымыз.