Сауда • 06 Наурыз, 2026
Геосаяси жағдай және сауда: Қазақстанда шұғыл байланыс желісі іске қосылды
Сыртқы саудадағы жағдайдың өзгеруіне байланысты Қазақстанда экспорттаушыларды қолдау шаралары күшейтілді. Осыған орай Экспорттық штаб жанынан бизнес өкілдерімен жедел байланыс орнатуға арналған арнайы call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 06 Наурыз, 2026
«Қазтеміртранс» филиалының директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
Бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы қаласында шамамен 540 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен «Қазтеміртранс» АҚ филиалының директоры Ақылбек Базенов ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Наурыз, 2026
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2026 жылғы 6 наурыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша еліміздегі маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты
Петропавл сотында бұрынғы судьяларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Сотталғандардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймаханов пен Петропавл қаласы №2 сотының экс-төрағасы Ерлан Ибраев бар. Сонымен бірге алматылық заңгер Артем Иванов және өңірге белгілі екі кәсіпкер де жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, қайғылы оқиғалар салдарынан аталған елдің рухани көшбасшысының және бейбіт тұрғындардың қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 05 Наурыз, 2026
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
5 наурызда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 493,36 теңге деңгейінде қалыптасты. Бір күн ішінде 6,13 теңгеге төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Иран Президенті Масуд Пезешкиан елдегі ахуалға байланысты көрші елдерге үндеу тастады. Ол үндеуінде өңірдегі тұрақтылықты сақтау және шиеленісті ушықтырмау үшін дипломатиялық жолмен барлық мүмкіндіктерді қарастыруға тырысқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдерінен елге жеткізілген азаматтардың нақты саны жөнінде ақпарат жариялады. 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасаған. Осы рейстермен елге 851 жолаушы келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 05 Наурыз, 2026
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай медицина саласында еңбек етіп жүрген әйелдерді құрметтеу және марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Астана қаласында шығу тегі белгісіз және сапасы күмәнді ет өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала аумағында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері сауда орындарына жеткізілетін ет өнімдерінің заңды шыққан жерін анықтау және олардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.