Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Мемлекет басшысының индустриялық жобаларды қолдау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін кірпіш зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды
2026 жылғы 4 наурызда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты «Палау орталығы» дәмханасының иесін екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берген. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Нахчыван әуежайының аумағында ирандық дрон құлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаға қатысты кадрларды APA агенттігі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды
Семей қаласында кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған сот үкімі шықты. Бұл туралы Абай облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Ақ үй өкілдері АҚШ тарапынан бейбіт тұрғындарға соққы жасалмағанын мәлімдеді. Олар Минаб қаласында болған трагедияның мән-жайы зерттеліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 05 Наурыз, 2026
Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?
Атырау облысы аумағында жұмбақ жағдайда қаза тапқан ерлі-зайыптылар ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 05 Наурыз, 2026
«Сусағанның түсіне су кіреді»: Әлихан Бөкейханов қазақ қоғамының саяси бейнесін қалай сипаттады?
Бүгін қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, ұлт азаттығы жолындағы күрестің көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толып отыр. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқы үшін күрделі әрі шешуші кезеңде елдің ертеңі үшін күрескен тұлға өз еңбектерінде халықтың саяси құқықтары, жер мәселесі, ұлттық теңдік туралы батыл пікірлер айтты. Мақалаларында патшалық биліктің отаршыл саясатын сынап, қазақ халқының мүддесін қорғады. Бөкейхановтың қазақ қоғамының саяси жағдайын ашып көрсететін маңызды публицистикалық еңбегінің бірі − «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 30 қарашадағы санында жарияланған «Сусағанның түсіне су кіреді» мақаласы.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
735 мың теңге: Қазақстанда жаңа айыппұл пайда болуы мүмкін
Қазақстанда жеке детективтердің қызметін реттейтін жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр. Мәжіліс депутаттары жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады. Құжатта заң талаптарын бұзғаны үшін жеке мамандарға да, бизнес субъектілеріне де айыппұл салу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Ресей Еуропаға газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін
Ресей президенті Владимир Путин Еуроодақтың ресейлік энергия ресурстарынан ресми бас тарту мерзімін күтпестен, табиғи газ жеткізуді мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 05 Наурыз, 2026
66 млн теңге шығын: Стоматологиялық клиниканың «Damumed» арқылы жасалған алаяқтығы әшкере болды
Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілген стоматологиялық қызметтерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.