Әлем • Бүгін, 13:43

АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақ үй өкілдері АҚШ тарапынан бейбіт тұрғындарға соққы жасалмағанын мәлімдеді. Олар Минаб қаласында болған трагедияның мән-жайы зерттеліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?

Фото: ашық дереккөз

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің пікірінше, АҚШ Қорғаныс министрлігі аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оның айтуынша, АҚШ қарулы күштері бейбіт нысандарға соққы жасамайды. 

Сонымен қатар, Пентагон «Шаджаре Тайебех» мектебіне жасалған шабуылды тексеріп жатыр. Ал ЮНЕСКО бұл жағдайды халықаралық құқық нормаларының өрескел бұзылуы деп бағалады.

Ақпаратқа сәйкес, Иран аумағында болған бірқатар әуе шабуылынан кейін 300-ден астам бала ауруханаға жеткізілген. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, Израиль 28 ақпан күні таңертең Иранға алдын ала соққы жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар