Футбол • 02 Наурыз, 2026
Максим Самородов «Ахматқа» жеңіс сыйлады
Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 19-турында ЦСКА қақпасына жеңіс голын соғып, «Ахматқа» маңызды үш ұпай сыйлады. Тізгінін Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов ұстап отырған команда, мәскеулік ұжымды 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Наурыз, 2026
Дубайдағы ахуал: Отандастарымыз елге қайта алмай отыр
Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай отыр. Олардың арасында кішкентай балалары бар отбасылар, қарт кісілер мен жүкті әйелдер бар. Туристер қиын жағдайда қалғандарын айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларына сәйкес автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын ақпараттық жүйеде тіркеу міндетті саналады. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» атты ақпараттық жүйені әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Наурыз, 2026
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Оксана Тарабрина: Қазақ халқының дархан пейіліне ризамыз
Қайсыбір ұлт өкілінен қазақ халқы жайлы сұрай қалсаңыз, ең алдымен оның бауырмалдылығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын ерекше атап өтеді. Бұл – ғасырлар бойы түрлі ұлт пен ұлысты жатсынбай, бауырына басып, сайын даласындай кеңпейілімен құшақ жая қарсы ала білген халқымыздың кеңдігі мен кемелдігінің, даналығы мен даралығының айғағы. Жеріміздің кеңдігімен қатар пейіліміздің кеңдігі, ынтымақ пен татулыққа негізделген тірлігіміз – әлемге үлгі боларлық құндылық.Алғыс айту күні – осындай асыл қасиеттерді дәріптейтін, тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін ерекше мереке.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласында сабақ барысында 7 жастағы оқушы қызға қатысты әдепсіз әрекеттер жасалған. Аталған дерекке байланысты мектеп мұғалімі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Президент: Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне тілектеспіз
Мемлекет басшысы келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне еліміздің тілектес екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Ақпан, 2026
Астана әкімдігі 1,36 трлн теңгені қайда жұмсайды?
Астана қалалық мәслихатының 50-ші кезектен тыс сессиясында 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізілді. Сессияда 1,36 трлн теңге көлеміндегі қаржы қайда жұмсалатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Щучинск қаласындағы оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Щучинск қаласында болған оқиғаға байланысты арнайы ведомствоаралық комиссия құрды. Тиісті бұйрыққа ТЖМ басшысы, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген
Шымкентте сабақ үлгерімін жақсартқысы келген студенттер алаяқтарға алданып қалған. Екі күдікті 2025 жылдың қазан айынан бастап TikTok әлеуметтік желісі арқылы студенттердің парақшаларын тауып, арнайы боттардың көмегімен олардың ұялы телефон нөмірі мен жеке мәліметтерін жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.